1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар: 1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін. Премьер-Министр К. Мәсімов
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 108-ө Өкімі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 31шілдедегі № 108-ө өкімімен бекітілген
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
| Р/с № | Нормативтік құқықтық немесе құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 2. | Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарының тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 3. | Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын, және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 4. | Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жетуі үшін ақысыз жол жүрумен, сондай-ақ тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 5. | Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 6. | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 7. | Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптемесі қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 8. | Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру үшін ішкі істер органдары пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 9. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ (жинақтау), Әділетмині | 2014 жылғы қыркүйек |
| 10. | Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде болу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 11. | Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және тексеріп-қараулар мен тінтулерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 12. | Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 13. | Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылау бойынша пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу туралы қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 14. | Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 15. | Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 16. | Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 17. | Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 18. | Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ (жинақтау), БҒМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 19. | Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 20. | Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 21. | Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ (жинақтау), ТҚҚА | 2014 жылғы қыркүйек |
| 22. | Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру тәртібін бекіту туралы | бұйрық | ІІМ (жинақтау), ДСМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 23. | Сотталған әйелдер, кәмелеттік жасқа толмағандар жазасын өтеуге арналған қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінің және толық қауіпсіз режиміндегі мекемелердің күзетін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 24. | Қамауға алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 25. | Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 26. | «Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 27. | Сотталғандар жөнелтетін және алатын хат-хабарларды бақылау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 28. | Ішкі тәртіптеме және сотталғандарды гауптвахтада ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша) | 2014 жылғы қыркүйек |
| 29. | Ішкі тәртіптеме және сотталғандарды гауптвахтада ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | Қорғанысмині | 2014 жылғы қыркүйек |
| 30. | Ішкі тәртіптеме және сотталғандарды гауптвахтада ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 31. | Педагог лауазымын және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2014 жылғы қыркүйек |
| 32. | Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі | АҚҰО (келісім бойынша) | 2014 жылғы қыркүйек |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТҚҚА - Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АҚҰО - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

