1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы осы Кодекстен тұрады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексі
Құжат мәтініндегі «салық органына», «салық органдарына», «салық органдарының», «салық органында», «салық органының», «салық органы», «салық органдарындағы», «салық органын», «салық органдарын», «салық қызметі органдары», «салық қызметі органдарының», «салық қызметі органының», «салық қызметі органы», «салық қызметі органдарына», «салық қызметінің органдары», «салық қызметінің органы» сөздері «мемлекеттік кіріс органына», «мемлекеттік кіріс органдарына», «мемлекеттік кіріс органдарының», «мемлекеттік кіріс органында», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдарындағы», «мемлекеттік кіріс органын», «мемлекеттік кіріс органдарын», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органдарының», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдарына», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органы» сөздерімен; «кеден органынан», «кеден органының», «кеден органын», «кеден органына», «кеден органы», «кеден органдары», «кеден органдарының» сөздері «мемлекеттік кіріс органынан», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органын», «мемлекеттік кіріс органына», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органдарының» сөздерімен ауыстырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 272-V Заңы бойынша (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) Құжат мәтініндегі «мүгедектерді», «мүгедектердің», «мүгедектер», «Мүгедектердің», «мүгедек» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдар», «Мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адам» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 137-VII Заңына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 23.07.2022 жылдан бастап) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 01.07.2024 жылғы № 108-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VІIІ Заңына сәйкес (өзгерту 31.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 03.10.2024 жылғы № 131-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 05.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМА
1-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi.
2-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.
1-бап 2-1-бөлікпен толықтырылды ҚР 30.12.2019 жылғы № 300-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 16.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-1-бөлік 01.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі осы Заңның 920-бабының 1-тармақшасына сәйкес
Бұл ереже әкімшілік жауаптылықты алып тастау жағдайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды.
3. Әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың құрамдас бөлігі болып табылады.
3-бөлік өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 158-VII Заңымен (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң шығаруды талап ету туындайтын жағдайлардан басқа кезде, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi
Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнамасының кеңiстiк тұрғысынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы Кодекс бойынша жауаптылыққа жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан не аяқталған іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық судағы немесе әуе кеңiстiгiндегі кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға да оның тұрған жерiне қарамастан, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және иммунитетті пайдаланатын өзге де шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнамасының уақыт тұрғысынан қолданылуы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңнаманың негiзiнде жауаптылыққа жатады.
Полная версия