Близость слов: Окончание:





«Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы
«Мәдениет туралы» 2014 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесi» бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жолдауын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк  
1. Осы Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 
21-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) жүргiзу тәртiбiн айқындайды.  
2. Мемлекеттiк тiзiлiм Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени игiлiк объектiлерi (бұдан әрi - ҰМИО), олардың орналасқан жерi, сандық және сапалық сипаттамасы туралы мәлiметтердi қамтиды.  
3. Мемлекеттiк тiзiлiмдi мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - ЖАО), тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы ғылыми ұйымдармен (бұдан әрі – ғылыми ұйымдар) ұсынатын мәлiметтерi және (немесе) жеке және заңды тұлғалардың қолдау хаттары негiзiнде жүргiзедi.  
Мемлекеттік тізілімге ҰМИО туралы мәліметтер уәкілетті органмен қажеттілігіне орай құрылған сараптама комиссиясының ұсынымы негізінде енгізіледі.  
4. Мемлекеттiк тiзiлiм мәдениет саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) қағаз және электрондық ҰМИО-ның атауы, орналасқан жері, сандық және сапалық сипаттамалары бойынша мәліметтерді қамтитын тізбені құрайды.  
6. Әрбiр ҰМИО-ға бөлек тiзiлiмдiк iс ресiмделедi және ол:  
1) жергiлiктi атқарушы органдар растаған ҰМИО есеп карточкасының көшiрмесiн;  
2) ҰМИО-ның мөлшерi 10x15 сантиметр саны екi дана фотосуретiн қамтиды.  
7. Тізілім кітабы тігілетін, нөмірленетін, жауапты тұлғаның қолы қойылатын, уәкілетті органның мөрімен бекітілетін журналды білдіреді. 
Тізілім кітабы беттерінің нөмірлері толассыз болып табылады.
Тізілім кітабына қаламмен жазуға, оны шимайлауға, өшіруге, түзетуге, парақтарының жетіспеуіне жол берілмейді.
8. Тізілім кітабына енгізілетін әрбір ҰМИО-ға тізілім нөмірі беріледі. Тиісті ҰМИО-ға ресімделетін тізілімдік ісі осы нөмірге сәйкестендіріледі.
9. ҰМИО-ны мемлекеттiк тiзiлiмнен шығару жергiлiктi атқарушы органдардың мәлiметтерi және (немесе) жеке және заңды тұлғалардың қолдау хаттары негiзiнде уәкiлеттi органның шешiмi бойынша:
ҰМИО жоғалған кезде оның жоғалғандығын растайтын құжат қоса ұсынылады.  
10. Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген ҰМИО-ға ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң ерекше режимi қолданылады.  
11. Мемлекеттiк тiзiлiм мерзiмсiз сақталуға тиiс.
12. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының сұрауы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Мемлекеттік тізілімге енгізілген ҰМИО туралы мәліметтерді ұсынады.
«Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн  жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы « » № бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттік органның

ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі



2

Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыреті)

2014 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1) тармақшасына сәйкес

3

Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы « » Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатыында

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы

мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 310 «Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысы

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Жоқ

7

Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет

Жоқ

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mks .gov.kz интернет-ресурсында жарияланады

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

департаментінің директоры М. Жақсыбеков
Полная версия
ИС BestProfi