2014 жылғы 10 қазандағы № 07-04-18/637-И хатқа
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 30 қазандағы № 12107 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрi бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес рұқсаттарды беру үшін қажетті құжаттар тізбесінде ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алынуы мүмкін құжаттар қамтылмауға тиіс, осыған байланысты Жобаның 4-тармағы 6-тармақшасын алып тастауды ұсынамыз.
Басқарма мүшесі Н. Әлтаев
Полная версия

