Близость слов: Окончание:





«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы
«Мәдениет туралы» 2014 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
1. Осы Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң)  7-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібін айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi