Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1073 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы № 32 Қаулысына сәйкес
«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 707-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларында:
2-тармақта:
«4) өңірлік индустрияландыру картасы – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) іске асырылатын жобаларының тізбесі, олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулыларымен бекітіледі;»;
«6) өңірлік үйлестіру кеңесі – жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – кеңес);»;
мынадай мазмұндағы 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) жауапты мемлекеттік орган – жобаны іске асыруға, сондай-ақ өтініш берушімен келісім жасасуға жауапты мемлекеттік орган;
12) келісім – жауапты мемлекеттік орган (жауапты мемлекеттік органдар) мен өтініш беруші арасында жасалатын, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды және тараптардың жобаны іске асыру бойынша жауапкершілігін көздейтін шарт;
13) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне аумақтық деңгейде кіретін облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі – өңірлік палата).»;
«3. Жобаларды республикалық индустрияландыру картасына енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:
1) бірінші кезең – жобаларды жергілікті деңгейде қарау;
2) екінші кезең – жобаларды орталық деңгейде қарау;
3) үшінші кезең – жобаларды уәкілетті органда қарау;
4) төртінші кезең – жобаларды Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияда (бұдан әрі – Комиссия) қарау.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жобаларды өңірлік индустрияландыру картасына енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:
Полная версия

