2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 02-02-18/175 «Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 61260 болып тіркелген, 2011 жылдың 7 желтоқсанында № 596-600 (26992) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаев жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Министрдің 2014 жылғы «____» _______________ бұйрығымен бекітілген
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шараларын көздейді.
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізуді дайындауға және өткізуге тікелей қатысатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар үшін міндетті болып табылады (бұдан әрі - Ұйымдары).
3. Жаттықтырушының (нұсқаушының) басшылығымен өтетін дене шынықтыру және спорттан жүйелі сабақтар тек қана медициналық жарамсыздығы болмаған жағдайда ғана өткізіледі, ал спорттық жарыстарға және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысуға рұқсат беру тек медициналық тексеріс өткізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Жарыстың қызмет көрсетуші медициналық персоналы, команда дәрігері спортшыларға, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына және қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төнген барлық жағдайда жарыстарды және спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол бермейді.
2. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
4. Дене шынықтыру және спорт сабақтары (бұдан әрі-сабақтары) адамның физикалық және (немесе) интеллектуалды дамуына бағытталған іс-шаралар мен жаттығулар кешені болып табылады.
5. Сабақтар:
1) мемлекеттік комиссияның актісіне сәйкес пайдалануға қабылдап
алынған спорт объектілерінде;
2) сабақтар өтетін орындар санитарлық нормаларға сай болса;
3) спортшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын ауа-райы жағдайында;
4) санитарлық және өртке қарсы қызметтің келісімі бойынша уақытша және соған бейімделген спорт ғимараттарында өтеді.
6. Сабақтарды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы маман:
1) сабақтар өтетін орындарды қарайды;
2) тиісті спорт түрлері бойынша қабылданған техника қауіпсіздігі нормаларына сәйкестігін қадағалай отырып, жабдықтар мен керек-жарақтардың дұрыстығын тексереді.
7. Спорт ғимаратында техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға қажетті жабдықтар, керек-жарақтар немесе жағдайлар болмаса, сабақтарды өткізетін ұйымға бұл жайында меншігінде дене шынықтыру және спорт сабақтары өткізілетін ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу алдында бір ай бұрын ескертілуі қажет.
8. Спорт ғимаратында кез келген электр аппаратураларын және электрондық жабдықтарды орнату, пайдалану ұйым тағайындаған электрик маманның қатысуымен жүргізіледі.
9. Ұйымдар:
1) іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды әзірлейді;
3. Спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
10. Спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу ережелерін (регламентін) Ұйымдастырушы (Ұйымдастырушылар) заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес бекітеді.
11. Спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстың (қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органының жанынан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі орынбасарының төрағалық етуімен спорттық жарыстар және бұқаралық-спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Бұл ұйымдастыру комитетінің құрамына мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген ұйымдар спорттық жарыстар және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөніндегі ұсыныстарды ұйымдастыру комитетінің қарауына енгізеді.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері спорттық жарысты және спорттық бұқаралық іс-шараны өткізуге кемінде 4 сағат қалғанда объектіні оперативтік-техникалық қадағалауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың және көрермендер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды. Спорттық жарыстарды немесе спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуді, қоғамдық тәртіп пен көрермендер мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қиындататын жағдайлар анықталған кезде, ұйымдастыру комитетіне аталған спорттық жарысты және спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізуге тыйым салу немесе оны көрермендерсіз өткізу туралы ұсыныс енгізеді.
12. Спорттық жарыстар немесе спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу мен оған дайындық кезінде барлық қатысушы ұйымдардың қызмет көрсетуші адамдары мен техникалық құралдары іске қосылады.
13. Спорттық жарыстарды немесе спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде спорттық ғимараттарда алкогольді өнімдерді және шыны ыдыстардағы сусындарды сатуға тыйым салынады.
14. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:
1) мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, кешенді спорттық іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу үшін спорттық-техникалық талаптарды, бағдарламаны, регламентті, басқа да арнайы талаптарды көрсете отырып, спорт түрлерінен жарыстар қағидасын, кешенді бұқаралық-спорттық іс-шаралар бойынша жарыстың басталуынан 3 ай; облыстық, қалалық және аудандық жарыстар бойынша 1 ай бұрын ұсынады;
2) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларды, төрешілерді, көмекші қызметкерлерді (олардың ғимаратта техника қауіпсіздігі және ішкі тәртіп ережелерін білуі және сақтауы) дайындауды;
3) спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу қағидаларын орындауды, көмекші қызметкерлердің өз функционалдық міндеттерін атқаруын;
4) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың уақтылы келуін қамтамасыз етеді.
15. Спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін спорттық ғимараттардың ұйымдары:
1) объектілердегі инженерлік жүйелер мен хабарлау жүйелерінің, ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырларының тоқтаусыз жұмысын, мекемелер мен ғимараттар құрылысының сенімділігін, бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізу кезінде эвакуациялық шығу есіктерін ғимарат ішіндегі адамдар ішінен кілтсіз ашу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тиектермен қамтамасыз ету, трибуналардың, эвакуациялау жолдарының дайындығын, қызмет көрсетуші адамдардың болуын, олардың қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес іс-қимылын бақылауды;
2) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларды орналастыру үшін орындарды, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін, қызметшілерді, көпшілік қолданатын орындарды, үй-жайлардың, арена мен аумақтың санитарлық-гигиеналық тәртібін, өрт сөндірудің алғашқы құралдарының дайындығын;
3) өрт техникасының спорттық ғимараттарға еркін кіруін және жақындауын;
4) спорт ғимараттарында (көрінетін жерлерде) қауіпсіздік белгілерін, көрсеткіштерді, келушілердің жүріп тұру қағидалары бар плакаттарды, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар мен эвакуация жоспарларын ілуді;
5) спорттық-техникалық құрал-жабдықтардың жарысты өткізу қағидаларына сәйкес келуін, олардың функционалдық және табельдік белгісінің жарамдылығын;
6) көрермендер мен қатысушыларды іс-шаралар жарнамасымен, ақпараттармен, спорт ғимаратынан эвакуациялау тәртібін функционалдық және табельдік белгісімен көрсету;
7) бұқаралық-спорттық іс-шараларға билеттер таратуды;
8) бақылау-өткізу тәртібімен қатысушылар және көрермендерді ареналар мен трибуналарға билеттер мен рұқсат қағаздарына сәйкес орналастыру;
9) қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет көрсету орындарымен бірлесе отырып, сондай-ақ көлік қозғалысымен және тұрақпен, киім шешу, сақтау бөлмелерімен қамтамасыз етеді.
16. Ішкі істер органдары:
1) спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен қажетті күштердің болуын, бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу күні көрермендердің болжамалы саны мен нақты жағдайы туралы ақпаратына сүйеніп қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларды қабылдауды;
2) билеттерді сату кезінде касса маңында және спорттық ғимараттар аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды;
3) спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтетін орындарға, трибуналарға көрермендер мен қатысушылардың белгіленген тәртіпке сай (бұқаралық-спорттық іс-шаралар ойындарын ұйымдастырушысы мен спорт құрылымы әкімшілігімен келісе отырып) қауіпсіз өтуін;
4) спорт орындарына мас адамдарды жібермеу, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді, шыны ыдыстардағы сусындарды, жарылғыш заттар мен қаруды салуға мүмкін болатын қапшықтарды, портфельдер мен басқа да заттарды спорт ғимараттарында өткізбеуге әкімшіліктің ықпал етуін;
5) көрермендердің ұйымдасқан түрде ішке енуін және трибуналар мен басқа да жайғасатын жерлерге орналасуын іске асыруда спорт ғимараттарының бақылау-тәртіп қызметі мен әкімшілігіне жәрдем көрсетуді;
6) спорт ғимараттарының трибуналарында және оған жақын жерлерде қоғамдық тәртіптің, көрермендердің тәртіп ережелерін сақтауын;
7) көрермендерді трибуналардан және соның аумағынан шығару, сонымен бірге қоғамдық көліктерге отырғызу процестерін басқаруды спорттық ғимараттың тиісті қызметімен бірге жүргізуді;
8) эвакуациялау жолдарының және өрт қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді.
17. Төтенше жағдайлар бойынша аумақтық орган:
1) бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізу кезінде өрт сөндіру авто техникасының кезекшілігін;
2) бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізетін күні көрермендердің болжамды саны мен нақты жағдай туралы ақпаратты ескере отырып, өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету бойынша басқа да қосымша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» № ___ «___» _________ 2014 жылғы бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1 | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі |
| 2 | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі ( мемлекеттік органның құзыреті ) | 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармағына сәйкес |
| 3 | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі ( нақты мақсаттары , себептері және акт неге байланысты қабылданды ) | Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту мақсатында. |
| 4 | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 02-02-18/175 «Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы » бұйрығы. |
| 5 | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | жоқ |
| 6 | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | жоқ |
| 7 | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Ішкі істер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрліктерімен келісілді |
| 8 | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің веб-сайт. |
| 9 | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | жоқ |
Заң қызметі департаментінің директоры М. Жақсыбаев

