Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1072 қаулысы
Редакция 16.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1072 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат):
«1) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық ұсыныстардың сараптамасы;»;
3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;
4) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптама;
5) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 325 Қаулысымен (09.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2015 жылы № 98 (28576) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысымен (25.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi