Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 693 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.06.2025 жылғы № 430 Қаулысына сәйкес (17.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.06.2025 жылғы № 430 Қаулысына сәйкес (17.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.06.2010 жылғы № 621 Қаулысымен (03.10.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.04.2012 жылғы № 535 Қаулысымен (21.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.05.2012 жылғы № 600 Қаулысымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысымен (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1072 Қаулысымен (24.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1056 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.04.2018 жылғы № 200 Қаулысымен (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.06.2025 жылғы № 430 Қаулысына сәйкес (17.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптаманы;
4) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді және қаржылық агенттіктердің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеудің экономикалық сараптамасын;
9) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптаманы;
10) жоспарлау және іске асыру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы институттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптаманы;
11) халықаралық қаржы институттары қатысатын ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіруді және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қорытынды беруді;
2-1. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін конкурстық (аукциондық) құжаттамасы бекітілген концессиялық жобаларды іске асыру үшін қоғам конкурстық құжаттамаға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптаманы, сондай-ақ концессионерді таңдау жөнінде конкурсты өткізген кезде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптаманы жүзеге асырады.
Осы Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 12.06.2025 жылғы № 430 Қаулысына сәйкес (өзгерту 27.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 350000000 (үш жүз елу миллион) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, қоғамның жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену, және пайдалану құқығын берсін;
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.10.2008 жылғы № 915 Қаулысымен (17.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес (17.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)