Близость слов: Окончание:





"Атырау политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың есімін беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 1115 қаулысы
«Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Атырау политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың есімі берілсін.
2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi