2014 жылғы 12 қыркүйектегі шығыс № 04–04–23/92–И хатқа
Стандарттар жобаларына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 20 қазандағы № 11483 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітутуралы» ҚР ҰЭМ-нің Статистика комитеті төрағасының бұйрық жобасын қарап, ұсыныстар мен ескертулер жоқ екендігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, «Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының бұйрық жобасын қарап, мынаны хабарлаймыз.
Ішкі су көлігіне қатысты барлық есептердің атауында және жобаның бүкіл мәтіні бойынша – су көлігіне қатысты терминге тән емес «жылжымалы құрам» деген сөздер алынып тасталсын.
1-К есебі (ішкі су) жер снарядтары, шаландалар, жүзбелі крандар, аспалы қозғалтқыштардың қуатын көрсете отырып аспалы моторы бар және онсыз шағын өлшемді моторлы қайықтар сияқты өзге де кеме түрлерімен толықтырылсын.
1-К есебінің нысанында (авто, электро) «Көліктің негізгі көрсеткіштерін көрсетіңіз» деген кестенің тақырыбына «жұмысының» деген сөз енгізілсін - «Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштерін көрсетіңіз».
2-К есебінің нысанында (авто, электро) мынадай өзгертулерді жүргізу қажет:
1, 2, 3-кестелердің тақырыбына «жұмыстың» деген сөз енгізілсін - «... тасымалдау бойынша жұмыстың негізгі көрсеткіштерін көрсетіңіз»;
2 және 3-кестелерде «(тасымалданған)» және «жүк-багажы» деген сөздерді қолдану артық деп санаймыз.
К-001 есебінің Нұсқаулығында 2-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «… айналысатын жеке тұлғалар …», 3-тармақтың 3-абзацында «... жеке тұлғалардан алған …» деген сөздерді «... жеке тұлға алған…» немесе «…Тасымалдаушы алған…» деген сөздермен ауыстыру және «… жүктерді жөнелтушілерге тасымалдау бойынша қосымша қызмет көрсеткені үшін» деген сөздерді «… жүктерді жөнелтушілерге тасымалдау бойынша қосымша қызмет көрсету кезінде» деген сөздермен ауыстыру қажет.
1-көлік есебінің титул парағында «… өзен мен қалалық электр көлігінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер ...» деген сөздер «… өзен мен қалалық электр көлігінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (жеке тұлғалар) ...» деген сөздермен ауыстырылсын.
1-көлік есебінің нысанында (авто, электро) 1 және 2-кестелерде «(тасымалданған)» және «жүк-багажы» деген сөздерді қолдану артық деп санаймыз.
1-көлік есебінің Нұсқаулығы бойынша мынадай ұсыныстар бар:
3-тармақтың 11-абзацында «тапсырыс берілген автобустармен тасымалданған жолаушылардың саны …» деген сөздерден кейін үтір қойылсын;
7-тармақтың 5-абзацында «… теміржол көлігінің жолаушыларды тасымалдаудан …» деген сөздер «… теміржол көлігінде жолаушыларды тасымалдаудан …» деген сөздермен ауыстырылсын.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жобаны пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева
Полная версия

