Близость слов: Окончание:





«Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы», «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия ережесін және құрамын бекіту туралы», «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы», «Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы», «Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы», «Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы», «Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы» бұйрықтар жобаларына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 24 қазандағы № 11792 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия ережесін және құрамын бекіту туралы», «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы, «Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы», «Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы», «Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы», «Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі бұйрықтарының жобаларын қарап, ескертулер мен ұсыныстар жоқ екендігін хабарлаймыз.
«Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі бұйрығының жобасына  (бұдан әрі – бұйрық жобасы)   қатысты келесіні хабарлаймыз.
  Бұйрық жобасымен телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекітіледі.  
 Сәйкестігі туралы мәліметтер көрсетілген бiлiктiлiк талаптарының қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.  
  Сонымен бірге, ұсынылған бұйрық жобасының редакциясына қарағанда осы қосымша теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі не жатқызылады.
  Бұдан басқа, қосымшаның өзінде қоса берілген нысанда теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер көрсетіледі деп белгіленген.
  Жоғарыда баяндалғанның негізінде, бұйрық жобасын көрсетілген бөлігінде пысықтау және бiлiктiлiк талаптарының атауын сәйкестікке келтіру қажет.  
   Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева   
Полная версия
ИС BestProfi