Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2023
Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 552 Қаулысына сәйкес
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 48) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. «Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 875 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 35, 357-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 1126 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары
1. Осы Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 48) тармақшасына сәйкес әзірленген және құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртібін айқындайды.
Байланыс құралдары, көлік, мүлік және өзге де материалдық құралдар іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда ғана пайдаланылады.
2. Аса қажеттілік жағдайлары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер төнген кезде басталады.
3. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануды тұрақты штаттық негізде немесе ерікті бастамамен құрылатын авариялық-құтқару қызметтері мен авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушылары жүзеге асырады.
Құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануы және қайтару мерзімі туралы шешімді төтенше жағдайларды жою басшысы қабылдайды және бұйрықтармен (өкімдермен) ресімделеді.
4. Төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде құтқарушылар төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың басшыларынан байланыс құралдарын, көлікті, мүлікті және өзге де материалдық құралдарды қабылдап алады.
5. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану осы ұйымдар қызметінің бұзылуына әкеп соқтырмауы тиіс. 
6. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану үшін құтқарушылар ұйымдардың адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда қажетті байланыс құралдарының, көліктің, мүліктің және өзге де материалдық құралдарының тізбесін айқындайды. 
7. Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының басшысы ұйым басшысымен бірлесіп осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес қабылдап алу актісін, ал авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін пайдаланылған мүлікті беру актісін екі данада жасайды.
Адамдарды құтқару үшін және аса
 қажет болған жағдайда төтенше
 жағдайлар аймағындағы ұйымдардың
 байланыс, көлік құралдарын, мүлкі
 мен өзге де материалдық құралдарын
 пайдалану қағидаларына
 1-қосымша
Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда материалдық құралдарды қабылдап алу актісі
Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының
басшысы _____________________________________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес _______________________________________
ұйымынан адамдарды құтқару жұмыстарын орындау уақытына мынадай
байланыс құралдары __________________________________________________
көлік _______________________________________________________________
мүлік _______________________________________________________________
өзге материалдық құралдар ___________________________________________
қабылдап алғаны туралы осы актіні жасасты.
Материалдық құралдардың техникалық жай-күйі _________________________
Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының
басшысы _____________________________________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________
Адамдарды құтқару үшін және аса
 қажет болған жағдайда төтенше
 жағдайлар аймағындағы ұйымдардың
 байланыс, көлік құралдарын, мүлкі
 мен өзге де материалдық құралдарын
 пайдалану қағидаларына
 2-қосымша
Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда материалдық құралдарды қайтарып беру актісі
Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының
басшысы _____________________________________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес _______________________________________
ұйымына адамдарды құтқару жұмыстарын орындау уақытына пайдаланылған
байланыс құралдары __________________________________________________
көлік _______________________________________________________________
мүлік _______________________________________________________________
өзге материалдық құралдар ___________________________________________
қайтарылатыны туралы осы актіні жасасты.
Материалдық құралдардың техникалық жай-күйі _________________________
Материалдық-құтқару қызметі немесе авариялық-құтқару құралымының
басшысы _____________________________________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________
Полная версия
ИС BestProfi