«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-18)-тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Автомобиль көлiгi саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне(кiшi түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестіктігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Жоба
Автомобиль көлiгi саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне(кiшi түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестіктігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қоса беріліп отырған жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі бірақ, 2014 жылғы
21 қарашадан ерте емес
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы _____________
№ ___________
бұйрығымен бекітілген
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
| р/с | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды | Құжаттар | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 бекітілген «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылған талаптар» техникалық регламенті мен «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар» 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автобус пен шағын автобустар | жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде иелігіндегі автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері |
|
| 2 | жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасы не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарт | жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының болуын растайтын құжаттардың не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер |
|
| 1 | 2 | 3 | 4 |
|
|
| көрсету туралы шарттың көшірмелері |
|
| 3 | автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (инженер-механик) және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін білікті мамандар не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттар | автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (инженер-механик) және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін қызметтің және білікті мамандардың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері |
|
| 4 | автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат | тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері |
|
| 5 | автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамның міндетті техникалық байқаудан өткізгені туралы қолданыстағы куәлік | автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамның міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмелері |
|
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 6 | автобустар мен шағын автобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжат | жеке тұлға үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін - жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері |
|
| 7 | тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрығы | тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері |
|
_________________________
«Автомобиль көлiгi саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне (кiшi түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестіктігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы « » № бұйрық жобасына анықтама-негіздеме
| Р/с № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2 | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-18)-тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-1)-тармақшасына сәйкес |
| 3 | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, дәлелдері және акт неге байланысты қабылданды) | Жолаушыларды тұрақты және тұрақты емес тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін сәйкестікті растау мақсатында |
| 4 | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және оларды өзгерту және толықтыру туралы ұсыныс әзірлеу немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 Қаулысы |
| 5 | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17- тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6 | Осы нормативтік құқықтық акті республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | Көздемейді |
| 7 | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Жоқ |
| 8 | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mid.gov.kz интернет ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылды |
| 9 | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін). | Жоқ |
| Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Заң департаментінің директоры 201 4 жыл ғы «____» __________ |
А. Алиакпаров |

