«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қызметкерлерді тағайындау, босату мен шығару тәртібін нақтылау, кадрларды іріктеу және орналастыру үшін басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар номенклатурасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 666 бұйрығы
Редакция 18.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі номенклатурасының лауазымдар тізбесі бекітілсін.
2. ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысын, Әкімшілік полиция, Қылмыстық-атқару жүйесі, Төтенше жағдайлар комитеттерінің төрағалары, Жетінші департамент, «Р» департаменті, ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар департаменттерінің, ІІМ оқу орындарының, ІІМ «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, облыстардың, Астана, Алматы және Жезқазған қалаларының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің бастықтары:
1) осы бұйрыққа сәйкес тиісті лауазымдар номенклатурасының тізбелерін бекітсін;
2) басшы лауазымдарға тағайындау үшін ұсынылатын адамдарға материалдарды дайындау, келісу және Кадр жұмысы департаментіне ұсыну, лауазымнан босату немесе қызметтен шығару тәртібін сақтауды, ал қажет болған жағдайда – үміткерлердің әңгімелесу және кәсіби жарамдылығын айқындау үшін ІІМ-ге шығуын қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
4. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар номенклатурасын бекіту туралы ІІМ-нің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 690 бұйрығы;
«ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің кейбір мәселелері туралы» ІІМ-нің 2014 жылғы 16 маусымдағы №348 бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасы жойылсын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 666 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі номенклатурасының лауазымдар ТІЗБЕСІ
Тізбе өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 17.11.2014 жылғы № 821 Бұйрығымен (02.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 19.01.2015 жылғы № 36 Бұйрығымен (17.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 16.04.2015 жылғы № 359 Бұйрығымен (19.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 21.07.2015 жылғы № 607 Бұйрығымен (16.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 18.12.2015 жылғы № 1034 Бұйрығымен (21.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)
|
Лауазым |
Кім тағайындайды |
Кім ұсынады |
Кіммен келісіледі |
|
Ішкі істер министрінің номенклатурасы |
|||
|
Комитет төрағалары (Ұлттық ұлан Бас қолбасшысынан басқа) |
Министр |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы комиссиямен |
|
Комитет төрағаларының орынбасарлары (Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарларын, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасы орынбасарларын қоспағанда) |
Министр |
Комитет төрағалары |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары |
Министр |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы комиссиямен |
|
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары, Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – штаб бастықтары |
Министр |
|
Президент Әкімшілігінің басшысымен |
|
Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының орынбасарлары, Ұлттық ұлан құрамаларының командирлері |
Министр |
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы |
Кадр жұмысы департаментімен |
|
Министрліктің Аппарат басшысы |
Министр |
|
Президент Әкімшілігінің басшысымен |
|
Орталық аппараттың департамент бастықтары, директорлары |
Министр |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасары |
Министрдің кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Министрдің кеңесшілері |
Министр |
Кадр жұмысы департаментінің бастығы |
Министрдің орынбасарларымен |
|
Министрдің көмекшісі (режим бойынша) |
Министр |
Кадр жұмысы департаментінің бастығы |
Министрдің орынбасарларымен |
|
Орталық аппарат департаменттері бастықтарының, директорларының орынбасарлары |
Министр |
Департаменттердің бастықтары |
Министрдің кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Криминалдық полиция, тергеу, есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменттерінің бастықтары |
Министр |
Министр |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы комиссиямен |
|
Орталық аппараттың дербес басқармаларының бастықтары, басшылары |
Министр |
Кадр жұмысы департаментінің бастығы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен |
|
Штабтың өкілетті өңірлік инспекторлары |
Министр |
Штаб бастығы |
Министрдің орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қырғыз Республикасы ІІМ-дегі өкілетті өкілі |
Министр |
Кадр жұмысы департаментінің бастығы |
Министрдің жедел жұмысқа жетекшілік ететін орынбасарымен |
|
Ішкі істер органдарының өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің барлық лауазымдары |
Министр |
Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы |
Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Ішкі істер органдары кадр жұмысы бөліністерінің жеке құрам жөніндегі инспекцияларының барлық лауазымдары |
Министр |
Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы |
Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Қылмыстық-атқару жүйесінің өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің барлық лауазымдары |
Министр |
Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы |
Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Төтенше жағдайлар комитетінің өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің барлық лауазымдары |
Министр |
Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы |
Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
«Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының командирі |
Министр |
Министрдің жедел қызметке жетекшілік ететін орынбасары |
Министрдің кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы және Жедел жоспарлау департаменттерінің бастықтарымен |
|
ІІМ академияларының бастықтары |
Министр |
|
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы комиссиямен |
|
ІІМ Ақтөбе заң институтының, Көкшетау техникалық институтының бастықтары |
Министр |
Кадр жұмысы департаментінің бастығы, ТЖК төрағасы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен |
|
Ұлттық ұлан Әскери институтының бастығы |
Министр |
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы |
Кадр жұмысы департаментімен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі істер; облыстар бойынша, Астана, Алматы қалаларының және Алматы облысының Құқықтық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары |
Министр |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы комиссиямен |
|
ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастығы |
Министр |
Қызылорда облысының ІІД бастығы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасары, Кадр жұмысы департаментінің бастығы |
|
ІІМ-нің емханасы бар орталық госпиталінің бастығы |
Министр |
Тыл департаментінің бастығы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ІІМ жоғары оқу орындары бастықтарының орынбасарлары
|
Министр |
Академиялардың, жоғары оқу орындарының бастықтары
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, ТЖК төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ІІМ Қарағанды академиясы ғылыми-зерттеу институтының бастығы |
Министр |
ІІМ Қарағанды академиясының бастығы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары |
Министр |
|
Президент Әкімшілігінің басшысымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД, қалалардың, аудандардың, Көліктегі ішкі істер желілік басқармаларының бастықтары |
Министр
|
Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және Көліктегі ІІД бастықтары
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ІІД: криминалдық, әкімшілік полиция, есірткі бизнесіне қарсы күрес, экстремизмге қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, тергеу басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары |
Министр |
Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және Көліктегі ІІД бастықтары
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, тиісті комитеттердің төрағаларымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
«Күзет» МКБ», «Қазақстан санаторийі», «Арқа санаторийі», «Арман санаторийі», «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты», «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамдарының президенттері |
Министр |
Директорлар кеңесі |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, ТЖК төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының медиа-орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры |
Министр |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ, «Қазселденқорғау» ММ басшылары |
Министр |
ТЖК төрағасы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының бас директоры
|
Министр |
Директорлар кеңесі |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, ТЖК төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
«Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Министр |
Директорлар кеңесі |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, ТЖК төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
«Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры |
Министр |
ТЖК төрағасы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
«Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның директоры |
Министр |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
«Селденқорғауқұрылыс», «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ахуалдық талдау орталығы» республикалық мемлекеттік (қазынашылық) кәсіпорындарының директорлары |
Министр |
ТЖК төрағасы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
«Алатау» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бастығы |
Министр |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД жергілікті полиция қызметінің (бұдан әрі - ЖПҚ) бастықтары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері |
Министр |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мәслихаттарымен |
|
Министрдің есепке алу-бақылау номенклатурасы |
|||
|
Облыстардың ІІД, қалалардың, аудандардың ішкі істер және Көліктегі ішкі істер желілік бөлімдерінің бастықтары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ІІД бастықтары |
|
Министрмен, министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Облыстардың ІІД, қалалардың, аудандардың ішкі істер және Көліктегі желілік ішкі істер бөлімдерінің; облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ТЖД төтенше жағдайлар басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары |
Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және Көліктегі ІІД, ТЖД бастықтары |
|
Министрмен, министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, ТЖК төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
|
|
Облыстар, Алматы, Астана қалалары бойынша ҚАЖ департаменттері, тергеу изоляторының бастықтары, Арқалық қаласындағы №1 түрме бастығы |
ҚАЖК төрағасы |
|
Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Министрдің орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Министр орынбасарының номенклатурасы |
|||
|
Орталық аппараттың дербес басқармалары бастықтарының, басшыларының орынбасарлары |
Министрдің орынбасары |
Дербес басқармалардың бастықтары |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Орталық аппарат басқармалары, комитеттерінің, департаменттерінің бастықтары, басшылары |
Министрдің орынбасары |
Комитеттердің төрағалары, департаменттердің бастықтары |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Орталық аппарат бастықтарының орынбасарлары, бөлім бастықтары, комитеттерінің, департаменттерінің, дербес басқармаларының орта, аға басшы құрамының барлық лауазымдары (Министрдің номенклатурасынан, ҚАЖ комитетінің, ТЖК, Жетінші департаменттің және «Р» департаментінің лауазымдарынан басқа) |
Министрдің орынбасары |
Орталық аппарат комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің, дербес басқармаларының бастықтары |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ІІМ-нің емханасы бар орталық госпиталь бастығының орынбасары, бөлімше бастықтары, бас бухгалтері |
Министрдің орынбасары |
Тыл департаментінің бастығы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы, департаменті бастығымен |
|
ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі бастығының орынбасарлары |
Министрдің орынбасары |
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы |
Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Академия институттарының (Қарағанды академиясы ғылыми-зерттеу институтынан басқа), магистратураның, факультеттердің бастықтары, Академия институттары бастықтарының орынбасарлары |
Министрдің орынбасары |
ІІМ Академиясының, жоғары оқу орындарының бастықтары |
Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Академиялар бастықтарының режим жөніндегі көмекшілері |
Министрдің орынбасары |
Академия бастығы |
ІІМ Кадр жұмысы департаментінің және Екінші арнайы басқармасының бастықтарымен |
|
ІІМ оқу орталықтарының бастықтары |
Министрдің орынбасары
|
Кадр жұмысы департаментінің бастығы |
Министрдің кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарымен |
|
Акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың вице-президенттері, бас директорлардың орынбасарлары, директорларының орынбасарлары, бастықтарының орынбасарлары, бас бухгалтерлері (ҚАЖК республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен ТЖК-нің бағынысты ұйымдарынан басқасы) |
Министрдің орынбасары |
Акционерлік қоғамдардың президенттері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бас директорлары және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың бастықтары
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы және Қаржымен қамтамасыз ету департаменттерінің бастықтарымен |
|
Әскери-тергеу бөліністері офицерлік құрамының әскери қызметшілері |
Министрдің орынбасары |
Тергеу департаментінің төрағасы
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
«Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының барлық орта және аға басшы құрамы (Министрдің номенклатурасынан басқа) |
Министрдің орынбасары |
«Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының бастығы
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы |
Министрдің орынбасары |
Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің бастығымен |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасары, Кадр жұмысы департаментінің бастығы |
|
ІІМ Кинологиялық орталығының барлық орта және аға басшы құрамы |
Министрдің орынбасары |
ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің төрағасымен және Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ІІМ-нің «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Министрдің орынбасары |
Тыл департаментінің бастығы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ІІМ-нің «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің барлық орта және аға басшы құрамы |
Министрдің орынбасары |
ІІМ-нің «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы және Тыл департамент-терінің бастықтарымен |
|
ІІМ-нің «Солтүстік» және «Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базалары» мемлекеттік мекемелерінің бастықтары |
Министрдің орынбасары |
Тыл департаментінің бастығы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ІІМ-нің «Солтүстік» және «Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базалары» мемлекеттік мекемелерінің барлық орта және аға басшы құрамы |
Министрдің орынбасары |
Бөлініс бастығы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы және Тыл департаменттерінің бастықтарымен |
|
«Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (Астана қаласы) мемлекеттік мекемесінің бастығы мен орынбасарлары |
Министрдің орынбасары |
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаменті бастығымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы, Жезқазған қалаларының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастықтары; ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді күзету, үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктерінің командирлері |
Министрдің орынбасары |
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы, Жезқазған қалаларының, «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастықтарының орынбасарлары; ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді күзету, үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктері командирлерінің орынбасары |
Министрдің орынбасары |
«Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің бастықтары, ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді, үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктерінің командирлері |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
«Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры, директордың орынбасары |
Министрдің орынбасары |
Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің бастығы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасары, Кадр жұмысы департаментінің бастығы |
|
Комитет басқармаларының бас сарапшысынан бастап басшыларына дейінгі әкімшілік мемлекеттік қызметшілер санаттары (Министрдің және ҚАЖК, ТЖК төрағасы номенклатурасынан басқа) |
Министрдің орынбасары |
Бөлініс бастығы |
Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ІІМ Орталық аппаратының ғимараттарына қызмет көрсету жөніндегі штаттан тыс қызметкерлер |
Министрдің қаржы-шаруашылық қызметтеріне жетекшілік ететін орынбасары |
Тыл департаментінің бастығы |
Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Әскери бөлімдердің командирлері мен олардың орынбасарлары |
Министрдің орынбасары |
ТЖК төрағасы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Министрліктің есепке алу-бақылау номенклатурасы |
|||
|
Облыстар, Алматы, Астана қалалары және Көліктегі ІІД-нің басқарма (бөлім) бастықтары: штабтар, анықтау жедел-криминалистикалық, техникалық қызметі, жедел жоспарлау, ақпараттық-аналитикалық орталығы, тылдық қамтамасыз ету, күзет қызметін бақылау бөлімі |
Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және Көліктегі ІІД бастықтары |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасары, Кадр жұмысы департаментінің бастығы және жетекшілік ететін қызметтердің бастықтары |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ТЖД Төтенше жағдайлар басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ТЖД бастықтары |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, ТЖК төрағасымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастықтары және олардың орынбасарлары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ТЖД бастықтары |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, ТЖК төрағасымен |
|
Облыстардың ІІД қалалық Ішкі істер басқармалары бастықтарының орынбасарлары |
Облыстардың ІІД бастықтары |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен және жетекшілік ететін қызметтердің бастықтарымен |
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының және Көліктегі ІІД әкімшілік полиция, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармалар бастықтарының орынбасарлары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ІІД бастықтары |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасымен, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің бастығымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ІІД-нің екінші арнайы бөліністерінің бастықтары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ІІД бастықтары |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің және Екінші арнайы басқармасының бастықтарымен |
|
(Екінші арнайы бөліністерінің бастықтарынан басқа) облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ІІД екінші арнайы бөліністерінің барлық лауазымдары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ІІД бастықтары |
|
Екінші арнайы басқармасының бастығымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, ІІД тіркеу-емтихан жұмысы бөлімдерінің (бөлімшелерінің) бастықтары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы ІІД жол-патрульдік полициясы полктерінің, батальондарының командирлері |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, ІІД-нің «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің командирі |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Жедел жоспарлау және Кадр жұмысы департаменттерінің бастықтарымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісі командирінің орынбасары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары |
|
Жедел жоспарлау және Кадр жұмысы департаменттерінің бастықтарымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, ІІД жедел қимылдайтын арнайы жасағының командирі |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ІІМ-нің жоғары оқу орындарының, кадр жұмысы бөлімдерінің; кафедраларының, оқу орталықтарының бастықтары |
ІІМ жоғары оқу орындарының бастықтары |
|
ТЖК төрағасы, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша ҚАЖ департаменттері мекемелерінің бастықтары (Министрдің есепке алу-бақылау номенклатурасынан басқа) |
ҚАЖК төрағасы |
ҚАЖД бастығы |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ҚАЖК-нің «Еңбек», «Еңбек-Өскемен», «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының директорлары |
ҚАЖК төрағасы |
ҚАЖК төрағасының орынбасары |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ІІМ оқу орталықтары бастықтарының орынбасарлары |
ІІМ оқу орындарының бастықтары |
|
Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ІІД бастығының ұйымдастырушылық-штаттық жұмысы жөніндегі көмекшілері |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ІІД бастықтары |
|
Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД қалалардың, аудандардың жергілікті полиция қызметінің бастықтары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері ( әкімдердің өкімдері ІІД бұйрықтарымен қайталанады ) |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД ЖПҚ бастықтары |
Аудандардың қалалардың облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен, тиісті мәслихаттармен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД жергілікті полиция қызметі бастықтарының орынбасарлары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД ЖПҚ бастықтары |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полиция полктерінің, батальондарының командирлері |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД ЖПҚ бастықтары |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Облыстар ІІД-нің ішкі істер басқармасы бастықтарының орынбасарлары, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі бастығының орынбасарлары |
Облыстардың ІІД бастықтары |
|
Министрдің жетекшілік ететін орынбасары, Кадр жұмысы департаментінің бастығы және жетекшілік ететін қызметтердің бастықтары |
|
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының номенклатурасы |
|||
|
«Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (Астана қаласы) мемлекеттік мекемесінің орта, аға басшы құрамының барлық лауазымдары (министрдің орынбасарының номенклатурасынан басқа) |
Комитет төрағасы |
«Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) бастығы |
Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
Бөлімдердің, бөлімшелердің, штабтардың, кезекші бөлімдердің бастықтары, облыстардың, Астана, Алматы, Жезқазған қалаларының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемелері (жеке) батальондарының, ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді күзету, үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктерінің командирлері |
Комитет төрағасы |
Облыстардың, Астана, Алматы, Жезқазған қалаларының, «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастықтары, ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі, Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктері командирлері |
«Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) бастығымен |
|
ӘПК әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің ерікті жалданушы құрамының барлық лауазымдары |
Комитет төрағасы |
Комитеттің құрылымдық бөліністерінің бастықтары (бастықтың міндетін атқарушы бас сарапшылар) |
Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен |
|
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының номенклатурасы |
|||
|
ҚАЖК орта және аға басшы құрамының барлық лауазымдары (Министрдің және министрдің орынбасарының номенклатураларынан басқа) |
Комитет төрағасы |
Комитеттің құрылымдық бөліністерінің бастықтары |
Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен |
|
ҚАЖК Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары |
Комитет төрағасы |
Комитеттің құрылымдық бөліністерінің бастықтары |
Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
|
ҚАЖК-нің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің, ерікті жалданушы құрамының барлық лауазымдары |
Комитет төрағасы |
Комитеттің құрылымдық бөліністерінің бастықтары (бастықтың міндетін атқарушы бас сарапшылар) |
Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен |
|
ҚАЖК-нің «Еңбек», «Еңбек-Өскемен», «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының директорларының орынбасарлары, бас бухгалтерлері |
ҚАЖК төрағасы |
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының бас директорлары |
Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы және қаржымен қамтамасыз ету департаменттерінің бастықтарымен |
|
Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының номенклатурасы |
|||
|
ТЖК-ның офицерлік, орта және аға басшы құрамының барлық лауазымдары (министр мен министрдің орынбасарының номенклатураларынан басқа) |
ТЖК төрағасы |
Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары |
Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасары |
|
ТЖК әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің барлық лауазымдары (Министр мен министрдің орынбасарының номенклатураларынан басқа) |
ТЖК төрағасы |
Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары (басшылары) |
Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасары |
|
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ, «Қазселденқорғау» ММ басшысының орынбасарлары |
ТЖК төрағасы |
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ, «Қазселденқорғау» ММ басшылары |
Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасары, ТЖК-ның кадр жұмысы басқармасының бастығы |
|
«Селденқорғауқұрылыс», «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ахуалдық талдау орталығы» республикалық мемлекеттік (қазынашылық) кәсіпорындары директорларының орынбасарлары |
ТЖК төрағасы |
Республикалық мемлекеттік (қазыналық) кәсіпорындардың директорлары |
Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасары, ТЖК-ның кадр жұмысы басқармасының бастығы |
|
Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша ТЖД жедел-құтқару жасақтарының басшылары және олардың орынбасарлары |
ТЖК төрағасы |
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ТЖД бастықтары |
Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасары, ТЖК-ның кадр жұмысы басқармасының бастығы |
|
«Республикалық жедел-құтқару жасағы» ММ басшысы және оның орынбасарлары |
ТЖК төрағасы |
Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасары |
ТЖК-ның кадр жұмысы басқармасының бастығы |
|
Өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарының басшылары және олардың орынбасарлары |
ТЖК төрағасы |
Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасары |
ТЖК-ның кадр жұмысы басқармасының бастығы |
|
Кадр жұмысы департаменті бастығының номенклатурасы |
|||
|
Орталық аппарат комитеттерінің, департаменттерінің, дербес басқармаларының ерікті жалданушы, қатардағы және кіші басшы құрамының, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің барлық лауазымдары, ІІМ әскери-тергеу бөліністері сержанттық құрамының әскери қызметшілері (Министрдің, министр орынбасарының, ҚАЖК, ӘПК, ТЖК төрағаларының номенклатураларын қоспағанда) |
Кадр жұмысы департаментінің бастығы
|
Комитеттердің төрағалары, бөліністердің бастықтары |
|
|
Емханасы бар орталық госпиталь бастығының номенклатурасы |
|||
|
Дәрігерлер |
Емханасы бар орталық госпиталь бастығы
|
Емханасы бар орталық госпиталь бастығының орынбасары |
Кадр жұмысы және тыл департаменттерінің бастықтарымен |
|
Ерікті жалданушы құрамның барлық лауазымдары |
Емханасы бар орталық госпиталь бастығы |
Емханасы бар орталық госпиталь бастығының орынбасары |
Тыл департаментінің бастығымен |
|
Жетінші департаменттің барлық лауазымдары (Министрдің номенклатурасын қоспағанда) (құпия) |
|||
|
«Р» департаментінің барлық лауазымдары (Министрдің номенклатурасын қоспағанда) (құпия) |
|||
Ескертпе:
қатардағы және басшы құрамның барлық қалған лауазымдары, сонымен қатар тізілімде көрсетілмеген ерікті жалданушы құрам, штаттық кестеге сәйкес Жетінші департаменттің, «Р» департаментінің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ІІД-нің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінің, ІІМ оқу орындары бастықтарының, ІІМ-нің «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі, облыстардың, Астана, Алматы, Жезқазған қалаларының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының» (Астана қаласы) мемлекеттік мекемелерінің, Кинологиялық орталықтың, ІІМ-нің «Солтүстік» және «Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы» мемлекеттік мекемелері бастықтары; Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшысы, құрамалардың командирлері, Ұлттық ұлан Әскери институтының бастығы; Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі мен Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі командирлерінің номенклатурасына кіреді.

