Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 желтоқсанда № 9923 тіркелді
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (01.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (01.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қағида «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген, дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын, жеке тұлғалардың денсаулығын сақтау тәртібін (бұдан әрі - Қағида) белгілейді.
3) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы - спорттық кәсіптік білімі бар, спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке адам;
5) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары - жеке адамдардың дене жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған, арнайы жабдықталған (соның ішінде спорттық объектілер (алаңдар, үйлер, ғимараттар).
3. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) жеке тұлғалардың, жаттықтырушы-оқытушы құрамының, қызмет көрсетуші персоналдың денсаулығына және өміріне қауіп туындаған жағдайда дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізуге жол бермейді.
4. Әкімшілік қауіпсіздік техникасы қағидаларына, санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес дене шынықтыру және спорт сабақтары өткізілетін орындарды спорттық мүкаммалмен және құралдармен қамтамасыз етеді.
5. Дене шынықтыру және спорттан жүйелі сабақтар жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының (нұсқаушының) басшылығымен өтеді. Дене шынықтыру және спорт сабақтарына жіберу денсаулығы туралы тиісті медициналық анықтама (қорытынды) ұсынылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
1) нысандардағы инженерлік жүйелер мен ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырлары жүйелерінің тоқтаусыз жұмысын, ғимараттар құрылысының сенімділігін, сыртқа шығару жолдарын, эвакуациялық шығу есіктерін құлыптармен қамтамасыз етуді, қызмет көрсетуші тұлғалардың болуын және қызметтік нұсқаулықтарға сәйкес оның іс-қимылын бақылауды қамтамасыз етуді;
3) қоғамдық тамақтануды, медициналық қызмет көрсетуді, көліктердің қозғалысын және тұрағын, киім шешу орындарын және сақтау камераларын, сондай-ақ қызмет көрсетудің басқа да түрлерін қамтамасыз етеді.
2-тарау. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (01.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) техникалық, санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге, пайдалану, өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес ғимараттарда, уақытша және бейімделген спорт ғимараттарында және мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ғимараттарда;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 жылғы № 306 Бұйрығына сәйкес (03.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (01.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дене шынықтыру және спорт ұйымдарының дене шынықтыру және спорт саласындағы маманы:
9. Спорт ғимаратында кез-келген электрлік аппаратураларды және электрондық құрал-жабдықтарды орнату және пайдалану электрик маманның қатысуымен жүргізіледі.
10. Дене шынықтыру және спорт саласындағы дене шынықтыру - спорт ұйымдары дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде осы Қағиданы сақтауды қамтамасыз етеді.
11. Дене шынықтыру және спорт сабақтары басталғанға дейін әкімшілік (жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы) қауіпсіздіктің қажетті шаралары, жарақаттанудың алдын алу, алғашқы медициналық көмек шаралары туралы нұсқама жүргізеді.
12. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы немесе нұсқаушы-спортшы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушыларды дене шынықтыру жаттығуларын қауіпсіз орындау тәсілдерін үйретеді және олардың белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылайды.
13. Дене шынықтыру және спорт сабақтары аяқталғаннан кейін дене шынықтыру және спорт саласындағы маман сабақ өткен орындарды қарап шығады, электр құралдарын және жарықтарды сөндіреді.
14. Әкімшілік және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандар дене шынықтырумен және спортпен айналысатын жеке адамдардың денсаулығына келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.