Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
«Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 19 желтоқсанда № 9982 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 25.10.2017 жылғы № 360 Бұйрығына сәйкес
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабының 3-тармағына сәйкес және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7442 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 шілдедегі «Заң газеті» газетінде № 105 (2113) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
2-бөлімі 4-тараудың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім, еңбек өтілі әлеуметтік қорғау немесе халықты жұмыспен қамту жүйесінде кемінде 3 жыл немесе экономиканың басқа салаларының басшы лауазымдарында кемінде 2 жыл.»;
3-бөлім. «Мамандардың лауазымдары» мынадай мазмұндағы 10-тараумен толықтырылсын:
10. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер
өз қызметін халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қарттармен, мүгедектермен, оның ішінде мүгедек балалармен (бұдан әрі – қызмет алушылар) жұмыс істеу үшін уәкілеттік берілген басқа да ұйымдардың мамандарымен тығыз байланыста жүзеге асырады;
арнаулы әлеуметтік қызметтерге бағалауды жүргізеді және қажеттілікті айқындайды;
өтініш берушімен сұхбат жүргізеді, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша шығады, көршілерден қызмет алуға мүмкіндік беретін объективті себептерінің мәнін сұрастырады;
организм функциялары бұзылған кезде, баланың әлеуметтік бейімсіздігі және депривациясы кезінде өз бетінше қызмет ете алу қабілетін айқындайды;
әлеуметтік ортаны, тіршілік етудің материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жетіспеушілігін немесе болмауын бағалайды;
білім беру және денсаулық сақтау органдарынан қорытындылар алу үшін ведомствоаралық комиссия құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
қорытынды дайындайды, онда қызметтің түрі, алушының санаты, қызмет көрсетілетін жер, қызметтің көрсетілу ұзақтығы, қызметтің мазмұны, жеке ерекшеліктері айқындалады және оны аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын;
2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін;
2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бекітілетін Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 79, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28-ө бірлескен бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5560 болып тіркелген Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін.
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санатты - жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білім және бірінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
бірінші санатты - жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білім және екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
екінші санатты - жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
санаты жоқ: мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмай жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білім.».
2. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Полная версия
ИС BestProfi