Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.01.2021
Қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылар ұсынатын ақпарат нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 542 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 9 қантардан бастап ҚР Қаржы министрінің 22.12.2020 жылғы № 1222 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 564-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Үкіметтің сыртқы қарыздары есебінен республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кепілдіктерді орындауға байланысты туындаған талаптар бойынша;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тұрғын үй салу және тұрғын үйді сатып алу бағдарламасы шеңберінде берілген кредиттер бойынша қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылардың берген ақпараттың бойынша нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті (А.С. Есенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберу;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрлігі
  Статистика комитетінің төрағасы
  Ә. Смайылов
  2014 жылғы 5 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 542 бұйрығына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысан _________жылғы жағдай бойынша ішкі көздер есебінен
республикалық бюджеттен берілген кредиттер туралы қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылар ұсынған ақпарат. Есепті кезең _____________
Ұсынылатын түлғалар тобы: қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылар
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті
Полная версия
ИС BestProfi