«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9777 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығыменбекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережесінің 16-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 26.02.2015
Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 ақпанда № 10281 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 26 ақпаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 14.12.2015 жылғы № 652 Бұйрығына сәйкес
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары (А.М. Қыпшақов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мелекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпарататтық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Д. Ерғожин
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген
Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Акциздік постылар өндіру мекенжайы бойынша салық төлеушілердің аумағында немесе лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша:
1) этил спиртін;
2) алкоголь өнімін (жылдық өндіріс қуаттылығы төрт жүз мың декалитрден төмен болатын сыра өнімдерін қоспағанда);
3) темекі бұйымдарын;
4) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын (бұдан әрі – мұнай өнімдер) тікелей өндіруді жүзеге асыру орындарында орнатылады.
2. Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру тәртібі
3. Акциздік постылардың қызметін жедел басқаруды және үйлестіруді қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушіні тіркеу орны бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының басшылары жүзеге асырады.
Полная версия