Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2018
Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12700 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 12 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 26.01.2018 ж. № 76 Бұйрығына сәйкес
Редакция 14.04.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабының 6-тармағы 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.04.2017 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (14.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліліп отырған Акциздік постың қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық  ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» № 30 бұйрығының (Әділет ақпараттық–құқықтық жүйесінде № 9777 жарық көрген № 10281 мемлекеттік тізілімде тіркелген құқықтық нормативтік акті) күші жойылсын деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасы Д.Ерғожинға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 14 желтоқсандағы
 № 652 бұйрығымен бекітілген
Акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.04.2017 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (14.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Акциздік бекеттердің өндіру мекенжайы бойынша салық төлеушілердің аумағында немесе лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша:
2) алкоголь өнімін (сыра және сыра сусындарын қоспағанда);
3) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын (бұдан әрі - мұнай өнімдері) тікелей өндіруді жүзеге асыру орындарында орнатылады;
Полная версия
ИС BestProfi