«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 52 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10343 тіркелді
Редакция 23.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген
Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-20) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер үшін кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен ұғымдар:
1) кеме иесi – кеменiң меншiк иесi болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кеменi пайдаланатын тұлға;
2) кеменiң меншiк иесi – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқаруышысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.11.2019 жылғы № 819 Бұйрығына сәйкес (23.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) уәкiлеттi орган – сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Полная версия