Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284-II Заңы
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1) авариялық жағдай – кеменің апатқа ұшырауына әкеп соққан және оның теңізде жүзу қасиеттерінен ішінара немесе толық айырылуына (жоғалтуына) алып келген, кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, жағалау құрылысжайын зақымдауына, кеменің сүйретіп жүзу объектісін жоғалтуына немесе зақымдауына, адамның қаза болуына немесе денсаулығына зиян келуіне, кемеден адамның жоғалуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келуіне алып келген, кемемен болған оқиға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) авариялық жарна – жалпы авария жағдайында шығыстардың орнын толтыру үшiн жалпы авариялық шығыстардағы тасымалдаушының үлесiн төлеудi қамтамасыз ету ретiнде алушы оған жүкті берген кезде енгiзуге мiндеттi болатын ақша сомасы;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) алушы - жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүк алуға уәкiлеттi тұлға;
3) арнаулы персонал - экипаж мүшесi болып табылмайтын, кеменiң мақсатына байланысты бортта үнемi болатын адам (теңiздiң тiрi ресурстарын аулаумен және өңдеумен айналысатын, ғылыми, инженер-техник қызметкерлер, зертхана қызметкерлерi, жұмысшылар және басқалар);
4) бербоут-чартер - жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi жалдаушының иеленуiне және пайдалануына кемемен жалданушы келiсiлген ақы (жалдау ақысын) алып, белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенетiн жалға кеме беру (алу) шартының түрі;;
4-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010 жылғы № 369-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
5) дағдылы маршрут - теңiз практикасында жалпы қабылданған кеме жүретiн маршрут;
6) демерредж - контрсталиялық уақыт үшiн төленетiн ақы;
7) диспач - кеменi жалдаушыға кемеге жүк тиеудi сталиялық уақыт бiткенге дейiн аяқтағаны үшiн төленетiн сыйақы;
8) диспаша - жалпы авария бойынша залалдар мен шығыстарды есептеуді және оларды жалпы теңiз кәсiпорнына қатысушы тараптар арасында бөлуді қамтитын, диспашер жасайтын құжат;
8-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010 жылғы № 369-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
9) диспашерлер - теңiз құқығы саласында бiлiмi мен тәжiрибесi, бар, диспашаны анықтау жөнiнде есеп жасайтын тұлғалар;
10) есеп айырысу бiрлiгi - қарызға алудың арнайы құқығының Халықаралық валюта қоры белгiлейтiн бiрлiгi;
11) жалдау ақысы - жүктi тасымалдағаны үшiн алынатын ақы, сондай-ақ бербоут-чартер мен тайм-чартер шарттары бойынша берiлетiн сыйақы;
12) жалпы теңiз кәсiпорны - мүлiк (кеме, жалдау ақысы және жүк), жалпы авария бойынша шығындар соның есебiнен өтелуге тиiс;
13) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұратын және билетте немесе оның жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген, не тасымалдаушының келiсiмiмен теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша автокөлiк құралдарын, жануарларды және өзге де жүктi iлесе алып жүрудi жүзеге асыратын тұлға;
14) жолаушылар тасымалдайтын кеме - жолаушылар тасымалдауға арналған және он екiден астам жолаушы тасымалдайтын кеме;
Полная версия