Өндіріс паспортын, өндіріс паспортының нысанын бекіту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 сәуірде № 10616 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.11.2022 жылғы № 352 Бұйрығына сәйкес (09.08.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 жылғы № 257 Бұйрығына сәйкес (03.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.11.2022 жылғы № 352 Бұйрығына сәйкес (09.08.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1) «Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7186 тіркелген);
2) «Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8839 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 171 бұйрығына
1-қосымша
Осы Бұйрық 1-қосымшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.11.2022 жылғы № 352 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 18.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)