Близость слов: Окончание:





Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10524 тіркелді
Редакция 14.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 14.01.2020 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.12.2021 жылғы № 1314 Бұйрығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 23 ақпан
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 20 ақпандағы
 № 109 бұйрығымен
 бекітілген
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп–жөнелту, қабылдап алу) қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР ПремьерМинистрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 14.01.2020 жылғы № 14 Бұйрығымен (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.12.2021 жылғы № 1314 Бұйрығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2) тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) тәртібін айқындайды.
2. Этил спиртін сақтау мен өткізу этил спиртін өндірушінің қойма үй-жайлары, нысаны «Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) этил спиртін өндіруге арналған лицензиясы болған кезінде жүзеге асырылады.
Алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия өндірушіге алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жердегі қойма үй-жайларда сақтауға құқық береді.
1) бөлінген квота шегінде тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;
2) өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;
Полная версия
ИС BestProfi