Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10685 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.03.2022 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (01.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.11.2021 жылғы № 96 Бұйрығына сәйкес (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.03.2022 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (01.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары;
2) Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;