Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10626 тіркелді
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы «Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 5-бабы 5-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.04.2018 жылғы № 452 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.04.2018 жылғы № 452 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Қағидалар «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңның 5–бабы 5-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) табыс етудің мерзімі және тәртібін айқындайды.
3. Декларацияны – темекі өнімдерін өткізу (жіберу), оның ішінде импорт бойынша (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) операцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 07.10.2019 жылғы № 1100 Бұйрығына сәйкес (09.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Декларация тапсырудың есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады және декларация есептiден кейiнгi айдың 15 күнiнен кешіктiрмей, ай сайын тапсырылады.