Близость слов: Окончание:





Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10502 тіркелді
Осы Бұйрық тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 10.02.2021 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (07.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 26.02.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.01.2018 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 10.02.2021 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (07.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 88 бұйрығымен
бекітілген
Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 10.02.2021 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (07.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды (бұдан әрі - Декларациялар) табыс ету тәртібін айқындайды.
2. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналым көлемін декларациялау этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы туралы мәліметтер көрсетілетін декларацияларды табыс ету арқылы жүргізіледі.
3. Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды жеке және заңды тұлғалар электрондық түрде есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс етеді
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.10.2018 жылғы № 950 Бұйрығына сәйкес (04.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
4. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген табыс ету мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда, Декларацияларды табыс ету мерзімі аяқталуға дейін үш жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта және электрондық түрде Декларацияларды табыс ету мерзімін ұзарту туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) нысан бойынша, мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.
Мемлекеттік кірістер органы өтінішті алған кезде Декларацияларды табыс ету мерзімін ұзартады, бірақ ол күнтізбелік 10 күннен аспауы тиіс.
5. Осы Қағидаларға сәйкес табыс ететін Декларацияларға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.
6. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен олардың өндіру және айналым көлемін декларациялау кезінде қолданатын өлшеуіш бірлігі 1 дал 10 литрге тең келетін декалитр болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi