Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 сәуірде № 10801 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.05.2025 жылғы № 243 Бұйрығына сәйкес (29.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 201-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрлігінің 12.04.2022 жылғы № 398 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.05.2025 жылғы № 243 Бұйрығына сәйкес (29.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.05.2025 жылғы № 243 Бұйрығына сәйкес (29.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейінгі он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
____________Б. Имашев
2015 жылғы «___»______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі
____________Ә. Исекешев
2015 жылғы «___»______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрі
____________А. Мұхамедиұлы
2015 жылғы «___»______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің төрағасы
______________ (Қ.Жаңбыршин) И.П.Ақомбаев
2015 жылғы «___»__________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 16 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
______________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 11 ақпан
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 207 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.05.2025 жылғы № 243 Бұйрығына сәйкес (29.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.10.2020 жылғы № 1049 Бұйрығына сәйкес (07.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 201-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 76) тармақшасына сәйкес әзірленді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу тәртібін анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрлігінің 12.04.2022 жылғы № 398 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.05.2025 жылғы № 243 Бұйрығына сәйкес (29.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi