Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 сәуірде № 10801 тіркелді
Редакция 15.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 201-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрлігінің 12.04.2022 жылғы № 398 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейінгі он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
____________Б. Имашев
2015 жылғы «___»______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі
____________Ә. Исекешев
2015 жылғы «___»______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрі
____________А. Мұхамедиұлы
2015 жылғы «___»______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің төрағасы
______________ (Қ.Жаңбыршин) И.П.Ақомбаев
2015 жылғы «___»__________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 16 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
______________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 11 ақпан
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 207 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.10.2020 жылғы № 1049 Бұйрығына сәйкес (07.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі –  Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 201-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүліктің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу тәртібін анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрлігінің 12.04.2022 жылғы № 398 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi