Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.04.2018
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 168 бұйрығына
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды 2018 жылғы 6 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрінің 13.02.2018 ж. № 173 Бұйрығына сәйкес
Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидалары
1. Осы Қағида«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінің 58-бабына сәйкес әзірленді және Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Тауарлар туралы есепті жүргізу және есептілікті ұсыну
2. Бажсыз сауда дүкеніне түскен және оларды осы дүкенде өткізілген тауарлар есебін жүргізуге жатады.
3. Бажсыз сауда дүкендерінің иелері бажсыз сауда дүкеніне түскен тауарлардың есебін осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды журналдарда есебін жүргізеді және ай сайын мемлекеттік кірістер органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті береді.
Бажсыз сауда дүкендерінің иелері бажсыз сауда дүкенінде өткізілген тауарлардың есебін осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды журналдарда есебін жүргізеді және ай сайын мемлекеттік кірістер органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті береді.
4. Есептің электронды журналы Excel форматында жүргізіледі. 
Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап есептің электронды журналының нөмірі бірден басталады.
5. Есептілік ай сайын бажсыз сауда дүкені иелерінің қолы қойылып және оның мөрімен куәландырылып, қағаз тасымалдағышында және Excel форматында электронды түрде есепті кезеңнен кейінгі айдың оны күнінен кешіктірмей ұсынылады.
6. Бажсыз сауда дүкенінің иелері мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына есептің электронды журналына қолжетімділікті береді және олардың талап етуі бойынша мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына оны береді.
Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар
түсуінің және оларды осы дүкенде
өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ
мемлекеттік кірістер органдарына
мұндай тауарлар туралы есептілікті
ұсыну қағидаларына 1-қосымша
Бажсыз сауда дүкеніне түскен тауарлардың есеп журналы
 

р/с

Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар орналастырылған күн

ЭТД/ТД №

Тауарлардың атауы

СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

Тауарлардың саны

Есепті кезең басындағы тауарлардың қалдығы

Есепті кезең соңындағы тауарлардың қалдығы

Өлшем бірлігі граммен 7, 8, 9

1

2

3

4

5

6

7

8

9









































































*ТЭД – тауарға арналған электронды декларация
***СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар
түсуінің және оларды осы дүкенде
өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ
мемлекеттік кірістер органдарына
мұндай тауарлар туралы есептілікті
ұсыну қағидаларына 2-қосымша
Бажсыз сауда дүкенінде өткізілген тауарлардың есеп журналы
 

р/с

ЭТД/ТД №

Тауарлардың атауы

СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

Тауарлардың саны

Өлшем бірлігі граммен 5

Отырғызу билетінің нөмірі /ҚР СІМ тұлғаның аккредитацияланғанын растайтын құжаттың нөмірі

Кететін тұлғаның межелі елі /дипломатикалық өкілдіктің атауы

Бақылау чегі туралы мәлімет

Бажсыз сауда кедендік рәсімі аяқталған ТД нөмірі

Чека нөмірі

Чектің датасы





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

*ТЭД – тауарға арналған электронды декларация
***СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
Полная версия
ИС BestProfi