«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 253-бабының 6-тармағына, 264-бабының 9-тармағына, 277-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы кейбір есептер нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 173 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 наурызда № 16554 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп нысаны;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп нысаны;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп нысаны бекітілсін.
2. «Кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсыну қағидасын, Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасын және кедендік аумақта (аумақтан тыс) және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 168 бұйрығы (Нормативтiк-құқықтық актiлер тiзiлiмiнде 2015 жылы 15 сәуірде № 10723 тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 173 бұйрығына 1-қосымша
нысан
Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы ЕСЕПТІЛІК
Индекс: ТП ПНТТ1
Кезеңділігі: кедендік рәсім мерзімі аяқталғаннан кейін
Ұсынылады: кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне тауарларды мемлекеттік кірістер органдарымен қолданылатын электрондық жүйеде электрондық түрде немесе қағаз түріндегі орналастырған тұлғамен
Полная версия