«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 ақпанда № 10315 тірелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қаржы министрінің 29.09.2015 жылғы № 498 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 қаңтардағы № 36 бұйрығымен бекітілген
Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді — уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен (бұдан әрі - аппараттар), алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібі (бұдан әрі - Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге бақылауды жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
2. Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін спирт өлшейтін аппараттармен жарақтандыру талаптары, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спиртінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау талаптары
2. Спирт және этил спиртінің (бұдан әрі - спирт) бас фракциясының өндірісі үздіксіз өлшеуді және аппараттардың есептеуіштеріне мынадай деректерді беруді жүргізетін:
1) өндірілетін спирттің көлемі және спиртометрикалық механизм арқылы көлемдік көрсеткішті сусызға түрлендіру немесе олардың мәндерін алған ақпаратты индикаттауға шығару жолымен алынған сусыз спирттің мөлшері жөніндегі;
2) спиртометрикалық механизмді қолданбай спирттің бас фракциясының көлемі жөніндегі аппараттармен жарақтандырылады.
Спирттің өлшем бірлігі + 20С0 температура кезіндегі сусыз спирт декалитрі (бұдан әрі - дал) болып табылады.
3. Спирт пен спирттің бас фракциясын есепке алуға арналған аппараттар спирттің ұрлануын болдырмау мақсатында олардың қызмет көрсету және бақылау жүргізу мүмкіндігі ескеріле отырып, орналастырылады.
4. Аппарат боза айыратын (боза айдайтын) қондырғы тұрған үй-жайда немесе онымен аралас үй-жайда, аппаратқа барлық жақтан еркін бару қамтамасыз етіле отырып және көлемдік және сусыз есептеуіштердің көрсеткіштері анық көрінетіндей қарау шамынан кейін спирт желісінде орнатылады.
Полная версия