«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10906 тіркелді
Редакция 07.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________Е.Досаев 2015 жыл 18 наурыз
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 77 бұйрығымен бекітілген
Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесі
Кеменің теңіз портына, кейіннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргізуге және/немесе өзге де мақсаттарда кіруі үшін қызметтер (кеме кірісі):
1) корабельдік - кемеге теңіз портына кіруді және одан шығуды ұсыну;
2) навигациялық - кеменің порт айдынына кіруі/шығу кезінде кемелер қозғалысын басқару жүйесі не жағалаулық радиолокациялық жүйе және басқа да навигациялық жабдық (қалтқылар, вехтер, маяктар, жарылыс белгілері, радиобайланыс құралдары) арқылы навигация және байланыс құралдарымен навигациялық қызметтерді ұсыну;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.06.2023 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (24.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) арнамен өткен үшін - кеменің айлаққа өтуі үшін арнаны, соның ішінде навигациялық жағдай құралдарымен жабдықталған арнаны ұсыну;
4) айлақтық - кемелерге жүк және көмекші операцияларды жүзеге асыру үшін айлақты ұсыну;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.07.2017 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес (30.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5) зәкірлік - кемелерге рейдте және/немесе айлақ қасында зәкірлік тұрағын ұсыну;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.07.2017 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес (30.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6) арқандап байлау - кеменің арқандап байлау ұштарын тарату, айлақтан жылжу, кемелерді көшіру және қайта арқандап байлау;
7) табиғат қорғау іс-шаралары саласында - портта тұрған уақытта болған ластанудың (балластық сулардан басқа) барлық түрлерін кемеден қандай да бір шектеусіз қабылдау;
8) карантиндік - санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің және қамтамасыз ету бойынша теңіз портының қызметтер көрсетуі:
карантиндік жұқпалы ауруларды және жұқпалы ауру таратушы болуы мүмкін адамдарды уақытша оқшаулау үшін үй-жай ұсыну;
теңіз порты аумағы мен объектілерін тиісті санитарлық жай-күйде ұстау;
көлік кемелерінде, порт объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың күшімен кеміргіштер мен жәндіктерді алдын-ала жою.
Полная версия