Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.10.2020
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 27 ақпандағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10678 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-116/2020 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 24.02.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 27 ақпандағы
 № 98 бұйрығымен бекітілген
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту ережесі
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-120 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.02.2020 жылғы № ҚР ДСМ-9/2020 Бұйрығына сәйкес (29.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарды алмастыратын және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін айқындайды.
2. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде туберкулезбен ауыратын және туберкулезді бастан өткерген науқастарға 10 қайта қарауға байланысты аурулар мен проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесінің кодтары бойынша;
2) туберкулезбен ауыратын және туберкулезді бастан өткерген адамдарды, науқастарды қоспағанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі-МӘМС) жүргізіледі
3. Осы қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) биоәлеуметтік функциялар - бұл тіршілік әрекеті мен денсаулық шектеулері қызметінің халықаралық жіктемесіне сәйкес өлшемшарттар бойынша айқындалатын, өзіне қызмет көрсетуге, кеңістікке бейімделуге және уақытқа, қозғалысқа, қабылдауға, сексуальдық функцияларға, экономикалық және әлеуметтік тәуелсіздікке, еңбек және шығармашылық қызметке қабілеттілігі (бұдан әрі - БӘФ);
Полная версия
ИС BestProfi