Близость слов: Окончание:





Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 наурызда № 10422 тіркелді
Редакция 11.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына және «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.10.2021 жылғы № 1033 Бұйрығына сәйкес (12.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі Б. Сұлтанов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_____________________Ә. Исекешев
2015 жылғы «____»_______________

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________________E. Досаев
2015 жылғы «____»_______________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 60 бұйырығымен
бекітілген
Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі
Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 12.04.2017 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (30.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 12.10.2020 жылғы № 987 Бұйрығына сәйкес (12.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 05.11.2020 жылдан бастап)
Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.10.2021 жылғы № 1033 Бұйрығына сәйкес (12.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе өзгертілді жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.06.2024 жылғы № 346 Бұйрығымен (07.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Этил спиртін өндіру саласындағы қызмет түрі үшін

1.

Этил спиртін өндірушінің өндіру паспорты

Этил спиртін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспорты

Этил спиртін өндіру паспорты және өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» (бұдан әрі – Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заң) Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Этил спиртін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерді лицензиар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау жолымен белгілейді.

2.

Мынадай жолдармен:

1) бидайдан, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикізаты сірнесінен және басқа да қантты-крахмалды тағамдық өсімдік шикізатынан өндірілетін спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе этил спиртi шикiзатын тазартып айыру;

2) толысылған шараппен тікелей немесе екі мәрте айдау жолымен алынған этил спиртін өндіру және шығару мүмкіндігі

Этил спиртінің қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебінің көшірмесі

Осы талапқа сәйкестік өндірістік қуат есебінің дәйектілігі бойынша және тиісті жабдықтың паспортында көрсетілген деректер бойынша белгіленеді.

Этил спиртін өндіру паспортында көрсетілген, сәйкес келетін жабдықтың болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау жолымен белгілейді.

3.

Этил спирті өндірісінің паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар

Меншік құқығындағы стационарлық өндірістік үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Көрсетілетін қызметті беруші жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) алады.

4.

Стационарлық үй-жайларда этил спиртін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз жүйесі

Сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Сумен жабдықтаудың, электр қуатымен жабдықтаудың және кәріз болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау жолымен белгілейді.

5.

Меншік құқығындағы этил спиртін өндіруге ғана пайдаланылатын технологиялық жабдық

Ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері

Көрсетілген жабдықтың болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу жолымен белгілейді.

6.

Электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде, этил спиртін өндіру саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы этил спиртінің өндірілу көлемі туралы деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін есепке алудың бақылау аспаптары (бұдан әрі – ЕБА)

Есепке алудың бақылау аспаптарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Этил спиртін өндірудің технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеуі және есепке алынуын жүзеге асыру талаптарына сәйкес келетін ЕБА аспаптарының болуы Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

ЕБА болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау жолымен белгілейді.

7.

Қойма үй-жайлары – этил спиртін сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған арнаулы стационарлық үй-жайлар мен алаңшалар (этил спиртін сақтау үшін)

Қойма үй-жайларының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Этил спиртін сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған қойма үй-жайлары Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен белгіленген, жауап беретін талаптарға сәйкес болуы.

Қойма үй-жайларының болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау жолымен белгілейді.

Алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызмет түрі үшін

8.

Алкоголь өнімін өндірушінің өндіру паспорты

Алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспорты

Алкоголь өнімін өндіру паспорты және өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерді лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау жолымен белгілейді.

9.

Арақтарды, айрықша арақтарды, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру және өнім шығару мүмкіндігі

Арақтардың, айрықша арақтардың, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтардың қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану-техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспортарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі

Осы талапқа сәйкестік тиісті жабдықтың паспортында көрсетілген деректер мен өндірістік қуат есебінің дәйектілігі бойынша белгіленеді.

Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген тиісті жабдықтың болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау жолымен белгілейді.

10.

Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарын және аумақтарынан тысқары орналасқан алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар

Меншік құқығындағы стационарлық өндірістік үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Көрсетілетін қызметті беруші ЖМБМК АЖ-дан алады. Стационарлық үй-жайдың болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау жолымен белгілейді.

11.

Стационарлық үй-жайларда алкоголь өнімін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз жүйесі

Сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Сумен жабдықтаудың, электро қуатымен жабдықтаудың және кәріз болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау жолымен белгілейді.

12.

Алкоголь өнімін өндіруге ғана пайдаланылатын меншік құқығындағы технологиялық жабдық (алкогольсіз сусындарды өндіру үшін пайдаланылатын, өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімдерін өндіруге арналған меншік құқығындағы технологиялық жабдықты қоспағанда)

Ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері

Көрсетілген жабдықтың болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу жолымен белгілейді.

13.

Электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде, алкоголь өнімін өндіру саласында есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы алкоголь өнімінің өндірілу көлемі және арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері туралы деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін ЕБА

Есепке алатын бақылау аспаптарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Алкоголь өнімін өндіруді есепке алудың бақылау аспаптарының технологиялық желiлерiн жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру талаптарына сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарының болуы Этил спиртімен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс. ЕБА болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу жолымен белгілейді.

14.

Қойма үй-жайлары – денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан және аумақтарынан тысқары орналасқан алкоголь өнімін өндіруге пайдаланылатын этил спиртін сақтауға, қабылдауға және босатуға және өндірілген алкогольдік өнімді сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған арнаулы стационарлық үй-жайлар


 

Спиртті сақтауға арналған қойма үй-жайлары және өндірілген алкоголь өнімдерін сақтауға қойма үй-жайлары Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен белгіленген жауап беретін талаптарға сәйкес болуы.

Қойма үй-жайларының болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу жолымен белгілейді.

15.

Алкоголь өнімін, шикізатты және қосалқы материалдарды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтің талаптарына сәйкес келетін қойма үй-жайларында және қоймаларда сақтау шарттары


 

Лицензиардың сұрау салуына Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабымен белгіленген тәртіпте халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және гигиеналық нормативтер саласындағы уәкілетті орган жауап береді.

16.

Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық – ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар

Аспаптардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Көрсетілген аспаптардың болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу жолымен белгілейді.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату саласындағы қызмет түрі үшін

17.

Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, сондай-ақ басқа лицензиатқа берілмеген алкогольдік өнімді сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған қойма үй-жайлар

Жүргізілген тіркеу туралы тіркеуші органның белгісі бар құқық белгілейтін құжат

Көрсетілетін қызметті беруші ЖМБМК АЖ-дан алады

Шарт бір жылдан кем мерзімге жасаған жағдайда, жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі

18.

Қойма үй-жайларындағы сумен жабдықтау, электро қуатымен жабдықтау және кәріз жүйесі

Сумен жабдықтау, электро қуатымен жабдықтау, кәріз болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


 

19.

Мәлімделген қойма үй-жайларында алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудамен сату бойынша қызметті жүзеге асыратын екі және одан да көп лицензиаттың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер

Бір қойма үй-жайда екі немесе одан да көп лицензиаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


 

20.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 166-бабының талаптарына сәйкес болуы керек

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызмет түрі үшін

21.

Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа пайдалануға арналған стационарлық үй-жайлар

Жүргізілген тіркеу туралы тіркеуші органның белгісі бар құқық белгілейтін құжат

Көрсетілетін қызметті беруші ЖМБМК АЖ-дан алады.

Шарт бір жылдан кем мерзімге жасаған жағдайда, жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі

22.

Стационарлық үй-жайларындағы сумен жабдықтау, электро қуатымен жабдықтау және кәріз жүйесі

Сумен жабдықтау, электро қуатымен жабдықтау, кәріз болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


 

23.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары Салық кодексі 166-бабының талаптарына сәйкес болуы керек

Этил спиртін өндіру, алкоголь
өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін
өндіру аумағында оны сақтау
және көтерме саудада сату
жөніндегі қызметті қоспағанда,
алкоголь өнімін сақтау және
көтерме саудада сату, сондай-ақ
алкоголь өнімдерін өндіру
аумағында оны сақтау және
бөлшек саудада сату жөніндегі
қызметті қоспағанда, алкоголь
өнімін сақтау және бөлшек
саудада сату саласындағы
қызметті жүзеге асыруға
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестігін
растайтын құжаттар
тізбесіне қосымша
Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтердің нысаны
1. Этил спиртін өндіру саласындағы қызмет түрі үшін:
1.1 Этил спиртін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:
  1) орналасқан жерінің мекенжайы (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді-мекен, көшенің атауы, үйдің немесе ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі ______________________;
  2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі ____________________________________;
  3) меншік құқығы туындауының негізі ____________________________________________;
4) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні
  _____________________________________________________________________________;
  5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) _____________________________________;
  6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы _________________________________________;
  7) қойма үй-жайдың жалпы алаңы _______________________________________________;
  8) салынған жыл ______________________________________________________________.
1.2 Стационарлық үй-жайда этил спиртін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз:
  1) стационарлық үй-жайды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттың (шарттардың) атауы_______;
  2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _________________________________________.
1.3 Электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде, этил спиртінің өндірілу көлемі туралы деректердің автоматы түрде берілуін қамтамасыз ететін есепке алудың бақылау аспаптары:
  1) аспаптарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні __________________________________________________________________;
  2) аспаптар саны ______________________________________________________________;
  3) ақпаратты автоматы түрде беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің бар-жоғы _______________________________________________________.
2. Алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызмет түрі үшін:
2.1 Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:
  1) орналасқан жерінің мекенжайы (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді-мекен, көшенің атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жайдың) ________________;
  2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі ____________________________________;
  3) меншік құқығы туындаудың негіздемесі ________________________________________;
4) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі және күні
  _____________________________________________________________________________;
  5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) _____________________________________;
  6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы _________________________________________;
  7) қойма үй-жайдың жалпы алаңы _______________________________________________;
  8) салынған жыл ______________________________________________________________.
2.2 Стационарлық үй-жайда алкоголь өнімін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз:
1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және
  кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы_____________________;
  2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _________________________________________.
2.3 Электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде, алкоголь өнімінің өндірілу көлемі туралы деректердің автоматы түрде берілуін қамтамасыз ететін есепке алудың бақылау аспаптары:
  1) аспаптарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні __________________________________________________________________;
  2) аспапттар саны _____________________________________________________________;
3) ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық
  қамтамасыз етудің бар-жоғы ___________________________________________________.
2.4 Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық – ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды және алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:
  1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні ________;
  2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы ___________________________;
  3) соңғы және кейінгі тексерудің күні _____________________________________________.
3. Алкоголь өнімі өндірілетін аумақта оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату саласындағы қызмет түрі үшін:
3.1 Жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі:
  1) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күнін көрсетіңіз _______________________________;
  2) қойма үй-жайдың кадастрлық нөмірі ___________________________________________.
3.2 Қойма үй-жайдағы сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз:
1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және
  кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы _____________________;
  2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _________________________________________.
3.3 Мәлімделген қойма үй-жайларында алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату бойынша қызметті жүзеге асыратын екі және одан да көп лицензиаттың болуы емесе болмауы туралы мәліметтер:
қойма үй-жайында екі немесе одан да көп лицензиаттың болуы немесе болмауын
  көрсетіңіз ____________________________________________________________________.
3.4 Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәлімет:
бақылау-касса машинаны тіркеуді растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсетіңіз
  _____________________________________________________________________________.
4. Алкоголь өнімі өндірілетін аумақта оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызмет түрі үшін:
4.1 Стационарлық үй-жайдағы сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз:
  1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы ________________________;
  2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _________________________________________;
  3) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі ____________________________________.
4.2 Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәлімет:
бақылау-касса машинаны тіркеуді растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсетіңіз
  _____________________________________________________________________________.
Полная версия
ИС BestProfi