Близость слов: Окончание:





Астықты сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/573 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 тамызда № 11839 тіркелді
Редакция 16.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Астықты сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 3 шілде
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 26 маусымдағы
 № 4-1/573 бұйрығымен
 бекітілген
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2019 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Астықты сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау қоймаларында (элеваторларында, астық қабылдау пункттерiнде) астықты сақтау тәртiбiн айқындайды.
2. Астық қабылдау басталғанға дейін астық сақтау қоймасының (элеваторлардың, астық қабылдау пунктiнің) барлық технологиялық желілері ақаусыз жай-күйге келтірілуі, астық қорының зиянкестерден, оның ішінде карантиндік зиянкестерден тазалануы және жұмыс істеуге дайын болуы:
1) өндірістік-технологиялық зертхана (бұдан әрі – ӨТЗ) – астық сынамаларын іріктеп алу және астық талдауларын жүргізу үшін тиісті аспаптармен, зертханалық жабдықтармен және қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз етілуі;
2) таразы құралдары және салмақ өлшеу аспаптары - тексеруден өткізілуі (тексеруден өткізгенін растайтын таңба немесе құжат болуы);
3) жүк түсіретін құрылғылар, механизмдер, машиналар мен айлабұйымдар – астық жеткізіп беретін көлік құралдарының түріне және габаритіне сәйкес болуы;
Полная версия
ИС BestProfi