Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
1-қосымша
«Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.02.2016 жылғы № 90 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.06.2019 жылғы № 230 Бұйрығына сәйкес (20.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 05.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
«электрондық үкімет» порталы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраным негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының 3 минут ішінде автоматты түрде өтініш (сұраным) беруі;
2) көрсетілетін қызметті алушының сұранымы бойынша сұратылып отырған ақпараттың Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МЖК ААЖ) болуын 2 минут ішінде тексеру;
3) 3 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сын қою;
4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін автоматтандырылған режимде 7 минут ішінде «электрондық үкімет» порталына көрсетілетін қызметті алушыға жіберу (беру).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі, ол мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болады:
1) «электрондық үкімет» порталынан МЖК ААЖ-ға автоматтандырылған режимде өтініш қабылдау;
2) автоматтандырылған режимде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне автоматтандырылған режимде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сын қою;
4) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін автоматтандырылған режимде МЖК ААЖ-дан «электрондық үкімет» порталына жіберу.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (ақпараттық жүйелерінің) тізбесі:
1) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ);
2) «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – ЭҮП);
4) Мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МҚК МАЖ);
5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МД);
6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЗТ МД);
7) бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – БНАЖ).
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің (ақпараттық жүйелердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігі сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада (әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-қимылды (рәсімді) өткізу бірізділігі сипаттамасының блок-схемасы) көрсетілген.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Құжаттарды қабылдау «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залда жүзеге асырылады, онда көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар тапсыруы үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды береді.
Құжаттарды операциялық залда қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 10-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
10. Мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсеткен кезде жүгіну тәртібінің және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы 2-қосымшаға сәйкес:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-де тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-де тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінде ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігін тіркеу, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭҮП-де паролін енгізу процесі (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – ЭҮП-де тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің төлнұсқалылығын тексеру;
4) 2-процесс – ЭҮП-нің көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сұраным нысанының экранға шығуы және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, оны толтыруы (деректерді енгізу);
6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұранымды куәландыру (оған қол қою) үшін ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт – ЭҮП-де ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұранымда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
8) 5-процесс – қызмет көрсетуге арналған сұранымның толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру;
9) 6-процесс – МЖК ААЖ-да электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранымын) тіркеу және МЖК ААЖ-да сұранымды өңдеу;
10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы (көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру).
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуде функциялық өзара іс-қимыл кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері 3-қосымшаға сәйкес:
1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші операторының мемлекеттік қызметті көрсету үшін МКҚ МАЖ-да логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
2) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші операторының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сұраным нысанының экранға шығуы және көрсетілетін қызметті беруші операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша деректерін (сенімхатты нотариалды түрде куәландырылған кезде, сенімхатты басқаша куәландырған кезде – сенімхат деректері толтырылмайды) енгізуі;
3) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұранымды ЭҮШ арқылы ЖТ МД-ға (ЗТ МД-ға) жіберу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының өкілі сенімхатының деректері туралы сұранымды БНАЖ-ға жіберу;
4) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің бар-жоғын ЖТ МД-да (ЗТ МД-да), сенімхат деректерінің бар-жоғын БНАЖ-да тексеру;
5) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МД-да (ЗТ МД-да), сенімхат деректерінің БНАЖ-да жоқ болуына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
6) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші операторының сұраным нысанын толтыруы және қызмет көрсетуге арналған сұранымның толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
7) 6-процесс – ЭҮШ (ЭҮП) арқылы көрсетілетін қызметті беруші операторының ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранымын) МЖК ААЖ-ға жіберу;
8) 7-процесс – электрондық құжатты (сұранымды) тіркеу және МЖК ААЖ-да өңдеу;
9) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің операторы арқылы МЖК ААЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы (мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру (электрондық тасығышта)).
12. Сұраным өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға сұранымды өңдеу нәтижелерін көру мүмкіндігі былайша беріледі:
«ашу» батырмасын басқаннан кейін – сұраным нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін – сұраным нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы берген Adobe Acrobat форматындағы магнитті тасығышта сақталады.
13. Қызмет көрсету жөніндегі қажетті ақпарат пен консультацияны call-орталықтың 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің егжей-тегжейлі сипаттамасы осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.
«Мемлекеттік жер кадастрынан
мәліметтер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өткізу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі сипаттамасының блок-схемасы
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету уақыты – 15 минут
«Мемлекеттік жер кадастрынан
мәліметтер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функциялық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
«Мемлекеттік жер кадастрынан
мәліметтер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функциялық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
«Мемлекеттік жер кадастрынан
мәліметтер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
«Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
="bottom" height="218" src="/images/2195066972/a9740f9f-3ce2-4c05-993e-86bdee689685.png" width="624" /> 
Полная версия
ИС BestProfi