Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11050 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 31.05.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 09.04.2020 жылғы № 131/НҚ Бұйрығына сәйкес (02.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.04.2020 жылғы № 122/НҚ Бұйрығына сәйкес (27.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2019 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (18.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2019 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (18.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2019 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (18.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
11) «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
12) «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
13) «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
14) «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
15) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
15-тармақша күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.05.2020 жылғы № 187/НҚ Бұйрығына сәйкес (23.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.01.2017 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (20.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.09.2019 жылғы № 356 Бұйрығына сәйкес (30.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
17-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.09.2019 жылғы № 356 Бұйрығына сәйкес (30.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының  
Инвестициялар және даму министрі 
________________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы 13 сәуір   
Полная версия
ИС BestProfi