Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.04.2020
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
1-қосымша
«Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзудi тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 жылғы № 318 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2019 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (20.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 26 сәуірден бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 09.04.2020 жылғы № 131/НҚ Бұйрығына сәйкес
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 04.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 25 (жиырма бес) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде өтінімді одан әрі қараудан жазбаша уәжді бас тартады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут;
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсат (бұдан әрі рұқсат) не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) азаматтық әуе кемесімен аэротүсірілім жұмыстарының қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушы шарттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасын ұсынады);
4) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақтың картограммасы, төрт данада;
5) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобалары (немесе техникалық тапсырмалары), екі данада.
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге сұраным;
2) азаматтық әуе кемесімен аэротүсірілім жұмыстарының қызметтерін көрсетуге арналған шарттың электрондық көшірмесі;
3) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақ картограммасының электрондық көшірмесі;
4) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобаларының (немесе техникалық тапсырмаларының) электрондық көшірмесі.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тәркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – өтінімнің қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңседе тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растайды.
порталға тапсырған кезде – «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға теріс жауабы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына жұмыс күндері осы Стандарттың 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен күні көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды. Шағымға жеке тұлға не заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары бойынша қолжетімді болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілген қызметті алушыға «жеке кабинетінен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілген қызметті алушының арызды өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы, портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзудi 
тiркеу, есепке алу және оларға 
рұқсат беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігі

Жер ресурстарын басқару

комитеті

Комитет по управлению

земельными ресурсами

Министерство сельского

хозяйства Республики Казахстан

 Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат 20 __ жылғы « ___ » ______ № ______
  Субъектінің атауы____________________________________________________ ____________________________________________________________________
  (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болсы), тегі не заңды тұлғаның толық атауы (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) мекенжайы, байланыс телефоны (бар болсы)
  Аэротүсірілім учаскелерінің аумақтық орналасуы ______________________
  Жүргізуге өтінім берілген мынадай жұмыстарға рұқсат берілді: ______________

Сұралатын жұмыстардың атауы

Жұмыс көлемі

Жұмыс көлемі

Өтінім берілді

Өлшем бірлігі (шаршы шақырым)

Рұқсат берілді

Өлшем бірлігі ( шаршы шақырым )

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

Ескертпе: Жұмыстар аяқталғаннан соң, аэротүсірілім материалдары геодезия және картография бойынша уәкілетті органға бақылап қарап шығуға ұсынылсын.
 ресурстарын басқару комитетінің төрағасы _____________________________________ (қолы, мөр (бар болса), аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20__ жылғы «___»______
«Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзудi 
тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат 
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына 
2-қосымша
 ресурстарын басқару комитетінің төрағасы _______________________________
 (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
 (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса)
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтінім
 Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұраймын. Аэротүсірілім объектілерінің аумақтық орналасуы _________________________ ____________________________________________________________________ аэротүсірілім алаңы __________________________________ (шаршы шақырым) аэротүсірілімнің мақсаты ______________________________________________ ____________________________________________________________________ аэротүсірілімнің техникалық шарттары __________________________________ ____________________________________________________________________ аэротүсірілім шарттары және уақыты ___________________________________ Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Күні ______ Өтінім беруші ________________________________________________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, мөрі (бар болса))
Полная версия
ИС BestProfi