Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267-ІІ Заңы
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелердің құқықтық негіздерін айқындайды.
1-бап. Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелер
Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.
Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.
Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.
Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.
2-бап. Ұлттық мерекелер
2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 25 қазанда атап өтілетін Республика күні болып табылады.
3-бап. Мемлекеттік мерекелер
3-бап өзгертілді ҚР 14.12.2011 жылғы № 509-IV Заңымен
3-бап өзгертілді ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңымен (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері атап өтілетін мерекелер:
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
3-баптың 4-бөлігі өзгертілді ҚР 22.04.2009  жылғы №152-IV Заңымен (25.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)
7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
3-бап 6-бөлікпен толықтырылды ҚР 19.10.2012 жылғы №  43-V Заңына сәйкес
6 шілде - Астана күні;
3-бап 7-бөлікпен толықтырылды ҚР 25.06.2008  жылғы № 47-IV Заңына сәйкес
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-бап. Кәсіби және өзге де мерекелер
4-бап өзгертілді ҚР 03.07.2017 жылғы № 86-VI Заңымен (19.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кәсіби және өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мереке күндері болып табылады.
Кәсіби мерекелерді қоспағанда, мереке күндерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Кәсіби мерекелердің тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады.
Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.
Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.
6-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы" 1995 жылғы 18 қазандағы N 2534 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 21, 125-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Полная версия
ИС BestProfi