Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
10-қосымша
«Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.02.2016 жылғы № 90 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Регламенттің атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.11.2016 жылғы № 473 Бұйрығына сәйкес (20.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.06.2019 жылғы № 230 Бұйрығына сәйкес (11.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 05.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11052 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық жай-күйі (топырақтың мелиорациялық жай-күйі, бонитет балы, азықтық алқаптардың дақылдық-техникалық жай-күйі) туралы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтер не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарының болуы болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі процесс құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және олардың орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды келіп түскен күні 15 минут ішінде қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды келіп түскен күні 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) қабылданған құжаттарды 30 минут ішінде дайындайды және жер учаскесінің сапалық жай-күйін анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жерді зерттеп-қараумен және бағалаумен айналысатын құрылымдық бөлімшесіне береді.
Құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері қабылданған құжаттарды 8 жұмыс күні ішінде тіркейді, жер учаскесін мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – МЖК ААЖ) дерекқоры бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағаттан) мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді сұратады, қолда бар топырақтық, топырақтық-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеп-қарау материалдарын, топырақты бонитирлеу материалдарын іріктеп алады, түзету коэффициенттерін, баға аймағын айқындайды, аймақтылық коэфициентін анықтайды, жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы ақпарат дайындайды.
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, жерді бағалау бөлімінің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты дайындайды және жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерге 30 минут ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне (құжаттарды қабылдау және беру бөліміне) береді;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) береді;
8) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 1 сағат ішінде қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскеріне жолдайды;
9) талон негізінде және жеке куәлік және (немесе) сенімхат ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды келіп түскен күні 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) қабылданған құжаттарды 30 минут ішінде дайындайды және жер учаскесінің сапалық жай-күйін анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жерді зерттеп-қараумен және бағалаумен айналысатын құрылымдық бөлімшесіне береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері қабылданған құжаттарды 8 жұмыс күні ішінде тіркейді, жер учаскесін МЖК ААЖ дерекқоры бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағаттан) мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді сұратады, қолда бар топырақтық, топырақтық-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеп-қарау материалдарын, топырақты бонитирлеу материалдарын іріктеп алады, түзету коэффициенттерін, баға аймағын айқындайды, аймақтылық коэфициентін анықтайды, жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы ақпарат дайындайды.
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, жерді бағалау бөлімінің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты дайындайды және жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерге 30 минут ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне (құжаттарды қабылдау және беру бөліміне) береді;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің немесе аудандық бөлімшенің) жұмыскері 2 сағат ішінде жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) жұмыскері 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) береді;
8) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) 1 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскеріне жолдайды;
9) талон негізінде және жеке куәлік және (немесе) сенімхат ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді;
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы);
2) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы);
3) көрсетілетін қызметті берушінің жерді зерттеп-қараумен және бағалаумен айналысатын құрылымдық бөлімшесі;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) жұмыскері;
6) көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды келіп түскен күні 15 минут ішінде қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды келіп түскен күні 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) қабылданған құжаттарды 30 минут ішінде дайындайды және жер учаскесінің сапалық жай-күйін анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жерді зерттеп-қараумен және бағалаумен айналысатын құрылымдық бөлімшесіне береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері қабылданған құжаттарды 8 жұмыс күні ішінде тіркейді, жер учаскесін МЖК ААЖ дерекқоры бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағаттан) мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді сұратады, қолда бар топырақтық, топырақтық-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеп-қарау материалдарын, топырақты бонитирлеу материалдарын іріктеп алады, түзету коэффициенттерін, баға аймағын айқындайды, аймақтылық коэфициентін анықтайды, жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы ақпарат дайындайды.
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, құрылымдық бөлімшенің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты дайындайды және жібереді;
5) жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беред;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерге 30 минут ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне (құжаттарды қабылдау және беру бөліміне) береді;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) жұмыскері 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) береді;
8) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) 1 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскеріне жолдайды;
9) талон негізінде және жеке куәлік және (немесе) сенімхат ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері 15 мину ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге кедергі болатын еңсерілмейтін күш мән-жайлары (төтенше жағдайлар, табиғи апаттар, электр энергиясының кезекпен өшірілуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің болжап білуі мүмкін емес және өз күшімен жоя алмайтын басқа да мән-жайлар) туындаған жағдайда, оны орындау аталған жағдайлар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өткізу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі сипаттамасының блок-схемасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары бірізділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәлімет беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.
«Жер учаскесінің сапалық
жағдайы туралы мәлімет
беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өткізу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі сипаттамасының блок-схемасы
«Жер учаскесінің сапалық
жағдайы туралы мәлімет беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
«Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәлімет беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
Полная версия
ИС BestProfi