«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 26.08.2017
Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 сәуірде № 10605 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 26 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2016 жылғы № 420 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығымен бекітілген
Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жауапкершілік аймағында ұсынылатын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалардың талаптарды әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысатын азаматтық авиация кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының барлық лауазымды тұлғалары және авиациялық персоналы орындайды.
3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:
1) абсолюттік биіктік – теңіздің орта деңгейінен нүктенің немесе нүкте деп есептелген объектінің деңгейіне дейінгі тік қашықтық;
2) адами фактордың аспектілері - жоспарлау, сертификаттау, кадрларды даярлау, техникалық қызмет көрсету және авиациядағы пайдалану қызметтері процестеріне қолданылатын және адамның мүмкіндіктерін тиісті түрде есептеу арқылы адам мен жүйенің басқа компоненттері арасындағы қауіпсіз қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар;
3) аэронавигациялық ақпарат – әуе кемелрінің ұшуын қамтамасыз ету әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;
Полная версия