Близость слов: Окончание:





Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырағы № 19-1/446 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 тамызда № 11838 тіркелді
Редакция 03.09.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 22) тармақшасынa сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидалары бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________ Е. Досаев 
2015 жылғы 4 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрі 
____________ Қ. Қасымов 
2015 жылғы 8 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
___________ В. Школьник 
2015 жылғы 4 маусым
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 18 мамырдағы
 № 19-1/446 бұйрығымен
 бекітілген
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2017 жылғы № 379 Бұйрығына сәйкес (18.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу тәртiбiн айқындайды.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен мемлекеттік орман қоры құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су объектілерін санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жерүсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулері белгiленедi.
3. Судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау үшін арнайы шаруашылық қызмет режимі белгіленетін су объектiлерiне іргелес аумақ су қорғау аймағы болып табылады.
4. Су қорғау аймағы шегінде оның аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленген су объектiлерiне іргелес, ені отыз бес метрден кем емес су қорғау белдеулері ажыратылады.
5. Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал сел қаупі бар аудандарда – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келiсiлiп, бекiтiлген жобалау құжаттамасы негiзiнде белгiлейдi.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.08.2020 жылғы № 183 Бұйрығына сәйкес (06.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi