Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 26 наурыздағы
 № 165 бұйрығына 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы № 263 Бұйрығына сәйкес 
4-қосымша өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 17.03.2016 жылғы № 206 Бұйрығымен (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.05.2019 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (17.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Редакция 31.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығына сәйкес (29.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Стандарт тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі – уақытша болу ұйымдары) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға (бұдан әрі – қызметтерді алушылар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату және ауыстыру шарттарын айқындайды.
2-тарау. Уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну шарттары
3. Уақытша болу ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қызметтерді алушылардың өтініші бойынша немесе аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – уәкілетті органдар), денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы негізінде қызметтерді алушының нақты тұрған жері бойынша жүзеге асырады. Өтініш осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Уақытша болу ұйымының маманы әлеуметтік қызметтер порталына осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының уақытша болу ұйымындағы өтінішінен деректерді енгізеді.
4. Бұрын Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің аумағында тұрған және өз баспанасынан айырылған адамдар, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар уақытша болу ұйымына күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге қабылданады, одан кейін олар жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе бюджеттен тыс тартылған қаражат есебінен бұрынғы тұрған жері бойынша уақытша болу ұйымдарына жіберіледі.
5. Жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін қызметтерді алушылардың уақытша болу ұйымында тәулік бойы тұру ұзақтығы бір жылдан аспайды.
6. Уақытша болу ұйымына жүгінген, бірақ қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін адамдарға тәуліктің түнгі уақытында (жылдың жазғы уақытында сағат 21.00-ден 9.00-ге дейін, қысқы уақытта сағат 18.00-ден 10.00-ге дейін) ыстық тамақпен қамтамасыз етілмей койка орын беріледі.
7. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға олардың көшеде өмір сүру орындарында мобильді әлеуметтік патруль қызметі тәуліктің күндізгі уақытында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мобильді әлеуметтік патруль қызметі тәуліктің түнгі уақытында ұсынылады.
8. Қызметтерді алушылардың жеке қажеттілігін бағалау негізінде уақытша болу ұйымының мамандары жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін әрбір қызметтерді алушыға ресоциализация туралы шарт (бұдан әрі – шарт) әзірлейді. Шарт осы Стандартқа 2-қосымшада көзделген нысан бойынша жасалады.
9. Шарт қызметтерді алушыны уақытша болу ұйымының мамандары ол түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бақылағаннан кейін әзірленеді және кейінгі екі жұмыс күні ішінде қызметтерді алушымен жасалады.
1) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілетін көлемі мен түрлері;
2) уақытша болу ұйымы мен қызметтерді алушының құқықтары мен міндеттемелері көрсетіледі.
11. Шартта көрсетілген оңалту іс-шараларын уақытша болу ұйымының мамандары шартта белгіленген мерзімде жүргізеді.
12. Шартта көрсетілген уақытша болу ұйымының міндеттемелері белгіленген мерзімде орындалмаса, болу мерзімі оларды орындау күніне дейін, бірақ алты айдан асырмай ұзартылады.
Полная версия
ИС BestProfi