Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 мамырда № 11038 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы № 263 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 31.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығына сәйкес (16.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 7 сәуір
Полная версия
ИС BestProfi