Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 165 бұйрығына 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы № 263 Бұйрығына сәйкес
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.05.2019 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығына сәйкес (16.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Стандарт қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда (бұдан әрі – үйде қызметтер көрсету ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді, мыналарға:
5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, тоқтату және тоқтата тұру шарттарын айқындайды.
3. Үйде қызметтер көрсету ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің (бұдан әрі – уәкілетті органдар) жолдамалары бойынша жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы үйде қызметтер көрсететін ұйым қызметтерді алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
5-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығымен (16.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын оларды алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;