Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы
Осы Заң күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 20.04.2023 жылғы № 224-VII Кодексіне сәйкес 
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 13.05.2020 № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгеріс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді).
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 04.07.2022 № 134-VII Заңына сәйкес (өзгерту 04.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді .
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
4) әлеуметтік бейімсіздік - жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
5) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;
6) әлеуметтік қызметкер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер;
7) әлеуметтік орта - адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуы мен қызмет атқаруының материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани жағдайларының жиынтығы;
8) өмірлік қиын жағдай - адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын, осы Заңда көзделген негіздер бойынша танылған ахуал.
2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (03.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктерге қолданылады.
4-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен міндеттері
Полная версия
ИС BestProfi