Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 297 бұйрығына
1-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 14.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11095 болып тіркелген) (бұдан әрі-Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкiметтің" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету электрондық нысанда.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi: Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім не Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту болып табылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылады және аттестаттау өткеннен кейін келесі жұмыс күнненкешіктірілмейкөрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Қөрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негiзының болуы табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) өтiнiштi тiркеу-құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күні iшiнде;
2) өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының құқық түсіндіру жумысы және заң қызметін көрсету бөлімінің басшысына (бұдан әрі - бөлім басшысы) жіберуі-құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күні iшiнде;
3) өтiнiштi бөлімі басшысының құқық түсіндіру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлімінің маманына (бұдан әрі - бөлім маманы) қарауға жіберуі-құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күні iшiнде;
1 (бiр) жұмыс күні iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту дайындайды;
5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексереді және Комиссияның қарауына жібереді;
6) Комиссия 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттауға жіберу туралы немесе аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешім шығарады;
7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің басшысы 4 (төрт) сағат ішінде нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу туралы хабарламаға қол қояды;
Полная версия
ИС BestProfi