«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 шілдеде № 11647 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес
Редакция 14.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Мыналардың:
1. «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 39 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9118 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 маусымдағы "Егемен Қазақстан" №126 (28350) жарияланған);
2. «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтарағы № 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9564 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің міндетін атқарушы З.Баймолдина
Полная версия

