Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 297 бұйрығына
3-қосымша
«Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес   
= red >Редакция 14.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекітілген «Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11095 болып тіркелген) (бұдан әрі-Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылыжүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзiнде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi: Стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нотариустардың мөрлерiн беру.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi нотариустардың мөрлерiн Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мөрдi беру журналында қол қою арқылы бередi.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыдан алуы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн рәсiмдердi (iс-қимылдарды) алуына негiздеме болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар):
2) өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының қарауы;
3) өтiнiштi құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмi басшысының қарауы;
4) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы өтiнiштi қарау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн рәсiмдеуi;
5) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қол қоюы;
6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға жолдау.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияның инспекторы не кеңсе-құжаттарды қабылдайды;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;
3) құқық түсіндіру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысы (бұдан әрі – бөлім басшысы);
4) құқық түсіндіру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы (бұдан әрі - бөлім маманы) – мөр береді.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушілерге қағаз жеткізгіште жөнелтуді көздейтін мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
7. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттар түскен мезеттен бастап 30 минут iшiнде алынған құжаттарды тiркеуден өткiзедi және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарауға жiбередi, бұл ретте, өтiнiштiң оң жақ төменгi бұрышына түскен күні мен кiрiс нөмiрi көрсетiліп мемлекеттiк тiлдегi тiркеу мөртабаны қойылады;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 15 минут iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды және бөлiм басшысына жiбередi;
3) бөлiм басшысы 15 минут iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарайды, бөлiм маманына жолдайды;
4) бөлiм маманы құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күні iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды және нотариустардың мөрiн дайындауға мөрлерді дайындаумен айналысатын жеке немесе заңды тұлғаларға тапсырыс хатын ресiмдейдi;
5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 1 (бiр) жұмыс күні iшiнде нотариустарға мөрдi дайындауғатапсырыс хатына қол қояды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне жолдайды;
6) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi 30 минут iшiнде нотариустарға мөрдi дайындауға тапсырыс мөрлерді дайындаумен айналысатын жеке немесе заңды тұлғаларға жолдайды;
7) мөрлерді дайындаумен айналысатын жеке немесе заңды тұлғалар 2 (екі) жұмыс күні iшiнде нотариустардың дайын мөрлерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жолдайды;
8) көрсетiлетiн қызметтi алушыға бөлiм маманы мөрдi берудi Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мөрдi беру журналында қол қою арқылы жүзеге асырады.
8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдары кезектiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы әр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдары кезектiлiгiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi өзге көрсетiлетiн қызмет берушiлер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтары өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында келтiрiлген.
4-тарау. Мемлекеттік корпорациясының өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі
Осы Регламент 4-тараумен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау операциялық залда Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы көрсетілген «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
Осы Регламент 10-тармақпен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Құжаттарды тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушының күтуіне жол берілетін ең ұзақ уақыт – 15 минуттан аспайды;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге жол берілетін ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
Мемлекеттік көрсетілген қызметті алу үшін көрсетілген қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттар қабылданған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.  
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.  
11. Мемлекеттік корпорацияның интеграцияланған ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын тіркеу кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің жүгінуі мен рәсімдері (іс-әрекеттері) кезектілігі тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
Осы Регламент 11-тармақпен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
12. Көрсетілген қызметті алушы Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қажетті ақпарат пен кеңесті саll-центрдің 1414 телефоны бойынша алуына болады.
Осы Регламент 12-тармақпен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) рәсімдері (іс-әрекеттері), өзара іс-қимылдары кезектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Осы Регламент 13-тармақпен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау,
мөрлерiн тiркеу және беру»
Мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн, көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) өзара iс-қимылдары мәтiндiк кестелiк сипаттамасы
1-Кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) әрекетiнiң сипаттамасы

Негізгі процестег іс-әрекет (жұмыс барысы, ағымы)

1

іс-әрекет (жұмыс барысы, ағымы)

1


 

2

3


 


 


 


 


 


 

2

Көрсетілген қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі

Мемлекеттік корпорация инспекторы


 

Мемлекеттік корпорация инспекторы

Жинақтау бөлімінің инспекторы

3

Әрекеттiң атауы (процесс, ұдеріс, операция) және олардың сипаттамасы

Құжаттар толықтығын тексеру, қабылдау


 

Журналға қол қояды

Тізім жасайды

4

Аяқталудың нысаны(мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық шешімдер)

Журналда тіркеу және қолхат беру


 

Құжаттар жинау

Құжаттарды тіркеуші органның жинақтаушы бөліміне жіберу

5

Орындау мерзімі

15 минут


 

Күніне 2 рет

Күніне 2 рет

2 - Кесте. Пайдаланудың түрлерi. Негiзгi процессi

Негiзгi процессi

Көрсетiлетiн қызмет берушiнiң кеңсесi

Көрсетiлетiн қызмет берушiнiң басшысы

құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысы

құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы


 


 


 


 

1. Өтiнiштi және қажеттi құжаттарды қабылдау, өтiнiштi тiркеу журналында тiркеу, сонымен қоса өтiнiштiң оң жақтағы астыңғы бұрышына келiп түскен күнi мен кiрiс нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртаңбасы қойылады

2. Нотариустардың мөрлерiн беру өтiнiшiн қарау

3. Ұсынылған құжаттар тiзбесiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарау, нотариустардың мөрлерiн берудi келiсу

4. Мөрлердi беру журналында жазу, мөрлердi дайындау тапсырысына хатты ресiмдеу

6. Мөрлердi дайындау тапсырысына хат жолдау

5. Мөрлердi дайындау тапсырысына хатқа қол қою


 

7. Нотариустың дайын мөрiн алу. Көрсетiлетiн қызмет берушiнiң стандарттың 2 - қосымшасына сәйкес нысанындағы мөрлердi беру журналында қол қойылғаннан кейiн нотариустың мөрiн беру

«Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау,
мөрлерiн тiркеу және беру»
Мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (26.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру» Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес–процестерiнiң анықтамалығы
*ҚФБ – құрылымдық – функционалдық бiрлiк: көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшiлерiнiң (жұмыскерлерiнiң), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкiмет» веб–порталының өзара iс–қимылдары;
Полная версия
ИС BestProfi